"Көлік инфрақұрылымын дамыту орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 312 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 130-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көлік инфрақұрылымын дамыту орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады