"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 273 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты қолдануы алдында жүргізілген тергеп-тексерулер шеңберінде мемлекеттік органдардан және ұйымнан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті цифрлық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, оны сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді жүзеге асыру;";

      35-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-5) цифрлық жүйеде тіркеу қағидаларын бекіту;";

      54) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      55) Cыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      55-4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;";

      104) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "104) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттардың қолданысын ұзарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "156) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдің цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру;";

      172) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "172) қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмайтын ашық деректер интернет-порталында ашық деректер түріндегі ақпаратты тұрақты негізде орналастыру;";

      199) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "199) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, олардың құзыреттері шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының цифрлық жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту;".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады