"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 270 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      370) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "370) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 370-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "370-3) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібін айқындау;";

      371) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "371) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 371-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "371-1) тапсырыс берушінің (меншік иесінің, инвестордың) құрылыс объектісін өз бетінше пайдалануға қабылдап алу тәртібін, сондай-ақ пайдалануға қабылдап алу актісінің нысанын бекіту;";

      372) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "372) "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыру үшін порталды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 372-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "372-1) мемлекеттік сараптама ұйымына басшылықты жүзеге асыру;";

      373) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "373) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 373-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "373-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және әдіснамалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;";

      374) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "374) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеуді және түзетуді (өзектендіруді) ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 374-1), 374-2) және 374-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "374-1) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін әзірлеу;

      374-2) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      374-3) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын мониторингтеу;";

      375) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "375) аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеуді және түзетуді (өзектендіруді) ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 376-1) және 376-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "376-1) аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемаларын әзірлеу және келісу қағидаларын бекіту;

      376-2) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтар мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу;";

      378) тармақша алып тасталсын;

      379) және 380) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "379) елді мекендерді дамыту мен онда құрылыс салу схемаларының (оңайлатылған бас жоспардың) құрамын, мазмұнын, әзірлеу және келісу тәртібін айқындау;

      380) құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен оның құрамын айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 380-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "380-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру, әзірлеу және бекіту;";

      383) және 384) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "383) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын белгілеу қағидаларын әзірлeу және бекіту;

      384) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасына, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және мамандарды (сарапшыларды) (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 384-1) тармақшамен толықтырылсын:

      384-1) жобалардың мемлекетаралық сараптамасын жүргізу үшін халықаралық сараптама комиссияларын құру;";

      385) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "385) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 385-1), 385-2), 385-3) және 385-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "385-1) перспективалық номенклатура және бекітілген тақырыптық жұмыс жоспары негізінде мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      385-2) мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыстағы баға белгілеу және құрылыс объектілерін салу саласындағы экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;

      385-3) құрылыстағы бағаны белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

      385-4) құрылыстағы бағаны мониторингтеу үшін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өндіруді (дайындауды) және беруді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      387) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "387) жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 387-1) және 387-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "387-1) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды бекіту;

      387-2) жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсету тәртібі мен құнын айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      388), 389) және 390) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "388) мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібін айқындау;

      389) ерекше реттеудің және (немесе) қала құрылысын регламенттеудің жекелеген объектілерін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу мен келісудің жеке жоспарларын бекіту;

      390) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 390-1), 390-2), 390-3) және 390-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "390-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялардың тізілімін жүргізу;

      390-2) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын іске асыру тәртібін айқындау;

      390-3) құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы мердігерлік жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тізбесін бекіту;

      390-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бағыттарын айқындау;";

      391) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "391) тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 391-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "391-1) техникалық тапсырыс берушінің қызметін жүзеге асыру тәртібі мен оған қойылатын талаптарды айқындау;";

      392) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "392) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 392-1), 392-2), 392-3), 392-4) және 392-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "392-1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру, оның жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      392-2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпаратты және (немесе) мәліметтерді беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      392-3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекіту;

      392-4) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік монополияға жататын мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу;

      392-5) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлеріне бағаны келісу;";

      394) және 395) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "394) қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      395) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерекше мәртебесі бар облыстық маңызы бар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 398) тармақшамен толықтырылсын:

      "398) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды және іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асыру;";

      403) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "403) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      405) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "405) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 405-2), 405-3, 405-4), 405-5), 405-6) және 405-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "405-2) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      405-3) кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      405-4) реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      405-5) уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру тәртібін әзірлеу және бекіту;

      405-6) көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үй кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      405-7) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 405-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "405-8) жосықсыз құрылыс салушылар тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      419) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "419) ерекше реттеуді және қала құрылысын регламенттеуді талап ететін объектілерді айқындау;";

      422) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "422) дизайн-кодты әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 424-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "424-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын таңдауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 425-3), 425-4), 425-5), 425-6), 425-7) және 425-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "425-3) құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындау;

      425-4) анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының нысанын бекіту;

      425-5) құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібін, оның нысанын бекіту;

      425-6) бас сәулетшілер мен бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының біліктілік талаптарын келісу;

      425-7) құрылыс объектісін паспорттау тәртібін айқындау;

      425-8) құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 427-1) және 427-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "427-1) мемлекеттік құрылыс инспекторларының төсбелгілері нысанын бекіту;

      427-2) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау;";

      мынадай мазмұндағы 428-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "428-1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізудің жылдық жоспарын бекіту және орналастыру;";

      429) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "429) құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 430-1) және 430-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "430-1) халықты хабардар ету мерзімдерін, нысандарын қоса алғанда, қоғамдық талқылауларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, құжаттар тізбесін айқындау;

      430-2) сәулет-жоспарлау тапсырмасын және келісілген эскиздік жобаны кері қайтарып алуды және (немесе) оның күшін жоюды жүзеге асыру;";

      442) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "442) кепілдік беру туралы шарт және реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      453) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 453-1), 453-2), 453-3), 453-4), 453-5), 453-6), 453-7), 453-8), 453-9) және 453-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "453-1) сертификаттау құқығына конкурс өткізу қағидаларын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына арналған шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      453-2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      453-3) сертификаттауды өткізу тәртібін және сертификаттаудан өтуге үміткер кандидаттардың біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      453-4) маманды (сарапшыны) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кәсіптік біліктіліктерге сәйкес келеді деп тану рәсімінің тәртібін айқындау;

      453-5) сертификаттау орталығының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;

      453-6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандарды (сарапшыларды) сертификаттау құқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу;

      453-7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мамандары (сарапшылары) сертификаттауға жататын мамандар (сарапшылар) кәсіптерінің тізбесін айқындау;

      453-8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы маман (сарапшы) сертификатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандар (сарапшылар) тізіліміне енгізу тәртібін айқындау;

      453-9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы кәсіптік білімді бағалау туралы қағидаларын келісу;

      453-10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған мамандардың (сарапшылардың) қызметін ішкі бақылау (мониторингтеу) тәртібін келісу;";

      454) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "454) мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 455-1), 455-2), 455-3) және 455-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "455-1) құрылыс объектісін пайдалану қағидаларын бекіту;

      455-2) құрылыс объектісін авариялық және бұзуға немесе реконструкциялауға жататын объект деп тану тәртібі мен негіздерін бекіту;

      455-3) құрылыс объектісін пайдалану жөніндегі шарт жасалатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға қойылатын талаптарды бекіту;

      455-4) кондоминиумның құрылыс объектісін қауіпсіз пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту;";

      470) және 471) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "470) мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салу құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      471) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру, жүргізу және үлгілік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттаманы беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      472) тармақша алып тасталсын;

      473) және 474) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "473) қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      474) құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын, сондай-ақ қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      477) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "477) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді көрсету тәртібін және аккредиттелген заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;";

      478) тармақ алып тасталсын;

      478-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "478-1) автоматтандырылған тізілімді жүргізу тәртібін айқындау;";

      478-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "478-3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерін "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізу тәртібін айқындау;";

      479) тармақ алып тасталсын;

      480) және 481) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "480) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын әзірлеу және бекіту;

      481) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 481-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "481-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;";

      488) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "488) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен цифрлық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды әзірлеу және бекіту;";

      490) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "490) қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 490-1) және 490-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "490-1) әзірленген және бекітілген қала құрылысы жобаларының (елді мекендерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, дамыту және оларда құрылыс салу схемалары) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      490-2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатты бекіту;";

      493) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "493) құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату (сүру) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 514-1), 514-2), 514-3), 514-4), 514-5), 514-6), 514-7), 514-8), 514-9) және 514-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "514-1) құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау бойынша конкурсты өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;

      514-2) мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру үшін конкурстық негізде құрылыстағы техникалық нормалау ұлттық институты ретінде ұйымды айқындау;

      514-3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде Қазақстан Республикасының әлеуетін басым пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      514-4) сәулет-қала құрылысы кеңесі туралы үлгілік ережесін бекіту;

      514-5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі құрылыс объектілерін құру және пайдалану кезінде құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиясын қолдану міндетті болатын құрылыс объектілері түрлерінің тізбесін бекіту;

      514-6) экологиялық зілзала және (немесе) төтенше экологиялық жағдайлар аймақтарындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін ерекше реттеуді енгізу мерзімдерін белгілеу;

      514-7) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар және стандарттау жөнінде ұсынымдар дайындауды жүзеге асыру;

      514-8) мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру процесіне құзыретті мамандар мен практиктерді тарту мақсатында техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттерді қалыптастыру;

      514-9) техникалық нормалау саласындағы бейінді техникалық комитеттердің ережесі мен жұмыс тәртібін айқындау;

      514-10) ғылыми-техникалық кеңесті құру және оның құрамы мен ережесін айқындау;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, жүз он сегізінші және жүз он тоғызыншы абзацтарын;

      2) 2028 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жүз жиырмасыншы, жүз жиырма бірінші, жүз жиырма екінші, жүз жиырма үшінші, жүз жиырма төртінші, жүз жиырма бесінші, жүз жиырма алтыншы, жүз жиырма жетінші, жүз жиырма сегізінші, жүз жиырма тоғызыншы, жүз отызыншы, жүз отыз бірінші, жүз қырық сегізінші және жүз елу үшінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады