Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықта:
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ережені әзірлеу немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде ереженің жобасы мемлекеттік органның регламентінде немесе нормативтік құқықтық актілерде белгіленген оның ішкі әкімшілік рәсімдеріне сәйкес әзірленеді және мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе оның алқалы органына (бар болса) келісуге немесе қабылдауға енгізіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Ереженің немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің (немесе) толықтырулардың жобасы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар туралы ақпаратты қамтитын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ережелерді қоспағанда, "Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)" ақпараттық жүйесінде мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес талдау жүргізілгеннен кейін әзірленеді.
Мемлекеттік орган туралы ережеде мемлекеттік органның құзыреттері, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік органның басқа да құзыреттері, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері қамтылады.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеде:
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері";
4-тараудың 23-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ережені әзірлеу немесе ережеге өзгерістер енгізу үшін осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген негіздер туындаған кезде мемлекеттік органның құқықтық актісінің тиісті жобасы мемлекеттік органның регламентінде немесе нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген оның ішкі әкімшілік рәсімдеріне сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
Ережені осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейтін мемлекеттік органның ведомстволары мен оның аумақтық бөлімшелерін, сондай-ақ аумақтық органдарын қоспағанда, ереженің немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің жобасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар туралы ақпаратты қамтитын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ережелерді қоспағанда, "Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
5. Ереженің жобасы немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің жобасы мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, заң бөлімшесімен және мемлекеттік органның бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарларымен келісуге жіберілген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде келісіледі және бекітуге енгізіледі.
Бөлімшенің ережесі мемлекеттік органның ережесінде бекітіп берілген міндеттер мен функцияларды, сондай-ақ мемлекеттік органның ережесінен туындайтын құқықтар мен міндеттерді қамтиды.";
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап:
осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Ереженің немесе ережеге енгізілетін өзгерістердің (немесе) толықтырулардың жобасы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар туралы ақпаратты қамтитын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ережелерді қоспағанда, "Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)" цифрлық жүйесінде мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес талдау жүргізілгеннен кейін әзірленеді.";
осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Кодекстің 45-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік құпиялар туралы ақпаратты қамтитын және таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызылған ережелерді қоспағанда, "Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)" цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 225 қаулысына 1-қосымша Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. _____________________________________________________________
(мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы)
______________________________________________________________
құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
(мемлекеттік органның атауы)
2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының
Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің
актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ осы Ережені
басшылыққа алады.
3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік
органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
4. Құрылымдық бөлімше*:
1)__________________________________________;
2)__________________________________________;
3)__________________________________________ тұрады.
Ескертпе:
* осы тармақты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің құрамына кіретін
бөлімшелері бар құрылымдық бөлімшелер толтырады.
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
5. Мақсаты:
1) ______________________________________;
2) ______________________________________;
3) ______________________________________.
6. Құқықтары мен міндеттері:
1) ______________________________________;
2) ______________________________________;
3) ______________________________________.
7. Функциялары:
1) ______________________________________;
2) ______________________________________;
3) ______________________________________.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
8. Құрылымдық бөлімшенің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз мақсаттарын іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
9. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
10. Заңнамада белгіленген жағдайларда мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары) болады.
11. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
12. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
13. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 225 қаулысына 2-қосымша Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Мемлекеттік органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ аумақтық органдары туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. _____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы)
________________________________________________________________
саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асырады.
2.______________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) өз қызметін Қазақстан Республикасының
Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен
Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы
Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. _____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде жазылған
мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. _____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. _____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы), егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет
атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. _____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада
белгіленген тәртіппен_________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін
шешімдер қабылдайды.
7. _____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: _______________________________
9. Мемлекеттік органның толық атауы –
"__________________________________________________________________"
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже __________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) құрылтай құжаты болып табылады.
11. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті
бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің қаражатынан
(шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) кәсіпкерлік субъектілерімен
___________________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау
тұрғысынан шарттық қарым-қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер ___________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге
асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке
жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
________________________________;
________________________________;
________________________________.
14. Құқықтары мен міндеттері:
________________________________;
________________________________;
________________________________;
________________________________.
15. Функциялары:
1) ______________________________________;
2) ______________________________________;
3) ______________________________________.
3-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) басқаруды
___________________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз
өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары
болады.
19. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) басшысының өкілеттіктері:
______________________________;
______________________________;
______________________________.
_______________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды
оны алмастыратын адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес
айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің немесе аумақтық органының мүлкі
21. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару
құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
_______________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз
қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қалыптастырылады.
22. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) бекітіп берілген мүлік республикалық/коммуналдық
меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе,
___________________________________________________________________,
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру
жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен
иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Мемлекеттік органның ведомствосын немесе ведомствосының аумақтық бөлімшесін немесе аумақтық органын қайта ұйымдастыру және тарату
24. ____________________________________________________________
(мемлекеттік орган ведомствосының/ ведомствосының аумақтық бөлімшесінің/
аумақтық органының атауы) қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орган ведомствосының немесе ведомствосы аумақтық бөлімшесінің
немесе аумақтық органының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
Ведомствоның қарамағындағы аумақтық бөлiмшелердің тізбесі
_______________________
_______________________
_______________________
