Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және кеңінен таныту жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарынан және 25 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 сәуірдегі № 220 қаулысымен бекітілген |
Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және кеңінен таныту жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары
Р/с | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар | Қаржыландыру көлемі (млн теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-бағыт. Қожа Ахмет Ясауи атындағы награданы институционалдық және құқықтық қамтамасыз ету | ||||||
1. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | заң | 2026 жылдың I жартыжылдығы | МАМ | талап етілмейді | - |
2. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі | 2026 жылдың II жартыжылдығы | МАМ | талап етілмейді | - |
2-бағыт. Ғылыми-зерттеу және білім беруді сүйемелдеу | ||||||
3. | Түркістан қаласында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі "Ясауитану" байқауының республикалық кезеңін ұйымдастыру | республикалық байқау | 2026 жылғы сәуір |
МАМ, ОАМ, | 16,2 | "Әзірет Сұлтан" РМҚК өз қаражаты есебінен |
4. | Музей жанынан қала мектептерінің оқушыларына арналған "Ясауитану" клубының қызметі | клуб отырысы | 2026-2028 жылдар | МАМ, "Әзірет Сұлтан" РМҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
5. | Қожа Ахмет Ясауидің туындылары мен ғылыми еңбектерін басып шығару | кітаптар | 2026-2027 жылдар | МАМ | көзделген қаражат шеңберінде | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы |
6. | Түркістан қаласындағы "Ясауитану" қосымша пәні енгізілген орта мектептерге оқу-әдістемелік құралын дайындау және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету | оқу-әдістемелік құрал мен материалдар | 2027 жылғы сәуір | МАМ, "Әзірет Сұлтан" РМҚК (келісу бойынша), Түркістан қаласының әкімдігі | көзделген қаражат шеңберінде | "Әзірет Сұлтан" РМҚК өз қаражаты есебінен |
7. | Халықаралық "Ясауи зерттеулері" ғылыми журналын шығару | журнал басылымы | 2026 жылғы IV тоқсан | МАМ, "Әзірет Сұлтан" РМҚК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | "Әзірет Сұлтан" РМҚК өз қаражаты есебінен |
8. | Білім беру ұйымдарында "Ясауи және Орталық Азия өркениеті" кітап көрмесін өткізу | кітап көрмесі | 2026-2028 жылдар | ОАМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
9. | "Yassawi Week" атауымен мектепішілік іс-шаралар апталығын ұйымдастыру | викториналар, дебаттар, театрландырылған қойылымдар | 2026-2028 жылдар | ОАМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
10. | "Балдәурен" РОСО" РМҚК демалушы балалар үшін "Рухани астанаға саяхат": Түркістан қаласына саяхат ұйымдастыру | рухани-танымдық саяхат | 2026-2028 жылдар | ОАМ, "Балдәурен" РОСО" РМҚК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
11. | Қожа Ахмет Ясауи мұрасын оқушылар арасында насихаттауға арналған республикалық дебат турнирі | дебат турнирі | 2026 жылғы қыркүйек |
ОАМ, | көзделген қаражат шеңберінде | 004 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы |
12. | Қожа Ахмет Ясауи мұрасын кеңінен танытуға арналған республикалық оқушылар айтысы | оқушылар айтысы | 2027 жылғы мамыр |
ОАМ, | көзделген қаражат шеңберінде | 004 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы |
13. | "Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы" республикалық эссе байқауы | эссе байқауы | 2027 жылғы сәуір | ОАМ, "Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана" РММ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
14. | "Қожа Ахмет Ясауи мұрасындағы құндылықтар" тақырыбында республикалық диктант өткізу | диктант | 2026-2028 жылдардың I тоқсаны | ОАМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
15. | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында "Ясауидің рухани мұрасы және оның түркі әлеміне ықпалы" атты республикалық конференция ұйымдастыру және өткізу | республикалық конференция | 2027 жылғы сәуір | ОАМ, Түркістан облысының әкімдігі | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
16. | Халықаралық ғылыми конференция өткізу | конференция | 2027 жылғы мамыр | ҒЖБМ, "Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi" мекемесi, (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | "Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi" мекемесiнің қаражат есебінен |
17. | "Қожа Ахмет Ясауидің рухани-адамгершілік ілімі контексіндегі түркі-қазақ бірегейлігі" атты республикалық дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу | дөңгелек үстел | 2027 жылғы сәуір | ҒЖБМ, "Философия, саясаттану және дінтану институты" РМК (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
18. | Жоғары білім беру ұйымдарында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету мен кеңінен таныту жөніндегі іс-шараларды өткізу | іс-шаралар | 2026-2027 жылдар ішінде | ҒЖБМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
19. | Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімі тақырыбында халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру | конференция жинағы | 2027 жылғы IV тоқсан | ҒЖБМ, "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
3-бағыт: Мәдени-ағартушылық және шығармашылық шаралар | ||||||
20. | Кітапхана қорындағы Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығына қатысты қолжазбалар мен сирек кітаптардың мазмұнын ғылыми тұрғыдан насихаттау жөнінде дөңгелек үстел өткізу | дөңгелек үстел | 2027 жылғы ІІІ тоқсан |
МАМ, | талап етілмейді | талап етілмейді |
21. | Астана, Алматы, Түркістан қалаларында архивтік материалдар мен қолжазбалардың негізінде Қожа Ахмет Ясауи мұрасының деректі көрмелерін ұйымдастыру | көрмелер | 2026-2027 жылдар | МАМ, "Орталық мемлекеттік архив" РММ (келісу бойынша), "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" РММ (келісу бойынша), "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" РММ (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
22. | Облыс орталықтарындағы көшелер немесе даңғылдардың біріне Қожа Ахмет Ясауидің есімін беру | әкімнің шешімі | 2026-2027 жылдар | МАМ, ЖАО | талап етілмейді | талап етілмейді |
23. | Көркем/анимациялық/деректі фильм түсіру | фильм |
2027-2028 |
МАМ, | көзделген қаражат шеңберінде | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы |
24. | Түркістан қаласындағы және өңірлердегі музейлерде Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған интерактивті экспозициялар мен виртуалды турлар құру | көрмелер | 2027-2028 жылдар | МАМ, ЖАО, "Әзірет Сұлтан" РМҚК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | "Әзірет Сұлтан" РМҚК өз қаражаты есебінен |
4-бағыт: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ақпараттық-имидждік және халықаралық деңгейде кеңінен таныту | ||||||
25. | Отандық және шетелдік БАҚ-та, әлеуметтік желілерде арнайы жобаларды (подкасттар, челлендждер, роликтер) іске қосу | жобалар | 2026-2028 жылдар | МАМ, Түркістан облысының әкімдігі, ҒЖБМ, ОАМ, СІМ | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
26. | Түркістан қаласын рухани туризм орталығы ретінде дамыту жөніндегі шетелдік туристік операторлармен жұмыс | шарттар, меморандумдар | 2026-2028 жылдар | Түркістан облысының әкімдігі, ТСМ, СІМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
27. | ЮНЕСКО аясында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету мен кеңінен таныту жөнінде халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру | конференция | 2027 жылғы қазан | МАМ, Түркістан облысының әкімдігі, ҒЖБМ, СІМ | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
28. | "Әлем жады" халықаралық тізілімге енгізілген Қожа Ахмет Ясауидің табылған және зерттелген жазба мұрасын кеңінен таныту | көрме, дөңгелек үстел | 2026-2028 жылдар | МАМ, "Әзірет Сұлтан" РМҚК (келісу бойынша) | талап етілмейді | талап етілмейді |
29. | Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығымен байланысты архивтік құжаттар мен қолжазбалар негізінде мақалалар жариялау | мақала | 2026-2027 жылдар |
МАМ, | талап етілмейді | талап етілмейді |
30. | Шет мемлекеттердегі саябақтарға немесе көшелерге Қожа Ахмет Ясауи есімін беру туралы ұсыныстарды қарастыру | МАМ-ға ақпарат | 2026-2028 жылдар | СІМ, МАМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
31. | Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жоғары деңгейде түсіндіруді қамтамасыз ету үшін гидтердің кәсіптік біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау | оқыту және қайта даярлау | 2026-2028 жылдар | Түркістан облысының әкімдігі, ТСМ, "Әзірет Сұлтан" РМҚК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
32. | Қожа Ахмет Ясауидің тарихы негізінде туристерге арналған арнайы ақпаратты (гайдбук, бейнеролик, аудиогид) жаңарту | имидждік материал | 2027-2028 жылдар | Түркістан облысының әкімдігі, ТСМ | көзделген қаражат шеңберінде | бюджеттен тыс қаражат есебінен |
33. | Қожа Ахмет Ясауидің мұрасымен байланысты объектілерді шетелдік туристерге бейімделген жаңа туристік бағыттарға кешенді түрде қосу | бағыттар | 2026-2028 жылдар | Түркістан облысының әкімдігі, ТСМ | талап етілмейді | талап етілмейді |
5-бағыт. Мұраны реставрациялау | ||||||
34. | Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің Қазандық залының "Қақпа" (XIV ғасыр) есіктерін реставрациялау | реставрациялық жұмыстар | 2026-2027 жылдар | МАМ, "Қазқайтажаңаррту" РМК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы |
35. | Эрмитаж және Луврда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қола шамдарының көшірмелерін жасау | жәдігер көшірмесі | 2027-2028 жылдар | МАМ, СІМ, "Әзірет Сұлтан" РМҚК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | "Әзірет Сұлтан" РМҚК өз қаражаты есебінен |
36. | Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тиесілі XII ғасырдағы Құранның көшірмесін жасау | кітап көшірмесі | 2026 жылғы қазан | МАМ, "Әзірет Сұлтан" РМҚК, "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" РММ (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | "Әзірет Сұлтан" РМҚК өз қаражаты есебінен |
37. | Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу | ғылыми-реставрациялық жұмыстар | 2026-2027 жылдар | МАМ, "Қазқайтажаңарту" РМК (келісу бойынша) | көзделген қаражат шеңберінде | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Әзірет Сұлтан" РМҚК – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
"Балдәурен" РОСО" РМҚК – "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
ЖАО – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;
"Қазқайтажаңарту" РМК – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ОАМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірлігі;
"Орталық мемлекеттік архив" РММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Орталық мемлекеттік архив" республикалық мемлекеттік мекемесі;
"Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы" РММ – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің "Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
"РҚББОӘО" РМҚК – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" РММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" РММ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві" республикалық мемлекеттік мекемесі;
"Философия, саясаттану және дінтану институты" РМК – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.