Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
17-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17-4) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және жарғылық капиталына қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту;";
мынадай мазмұндағы 50-4) және 50-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"50-4) еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
50-5) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
