"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге қол қою және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою және "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 987 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 717 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 327 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 52 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге қол қою және "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою және "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 987 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 717 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 327 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады