"Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 24 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      17-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1. Мынадай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының акциялары:

      "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Рудный индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Семей медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады