"Көлік логистикасын цифрлық дамыту орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1191 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көлік логистикасын цифрлық дамыту орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады