Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспары туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 1181 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың 10-тармағында көзделген заң жобасын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.06.2026 № 456 қаулысымен.

Р/с

Заң жобасының атауы

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Ұсыну мерзімі

Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты тұлға

Әділет министрлігі

Үкімет
Аппараты

Парламент


1

2

3

4

5

6

7

1.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

қаңтар

наурыз

мамыр

А.Б. Қасенов

2.

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы

ЭМ

қаңтар

наурыз

мамыр

С.С. Жаркешов

3.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай-газ химиясы өнеркәсібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЭМ

қаңтар

наурыз

мамыр

С.С. Жаркешов

4.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МАМ

ақпан

сәуір

маусым

Қ.Ж. Ысқақов

5.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

МАМ

ақпан

сәуір

маусым

Қ.Ж. Ысқақов

6.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

наурыз

мамыр

шілде

В.В. Шегай

7.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 01.06.2026 № 456 қаулысымен.

8.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 01.06.2026 № 456 қаулысымен.

9.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Еңбекмині

сәуір

маусым

тамыз

А.М. Ертаев

10.

2027 – 2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

Қаржымині

тамыз

тамыз

тамыз

А. Бейсенбекұлы

11.

Жұмылдыру туралы

ҰЭМ

шілде

қыркүйек

қараша

Б.Б. Омарбеков

12.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

шілде

қыркүйек

қараша

Б.Б. Омарбеков

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады