Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:
5-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Нысаналы талаптардың жалпы сомасы орташаланған инвестициялық кіріс мөлшерлемесін ескере отырып, есепті жылдағы нысаналы талаптар мен алдыңғы кезеңдердегі нысаналы талаптардың жалпы сомасын қосу арқылы қалыптастырылады. Бұл ретте алдыңғы кезеңдердегі нысаналы талаптардың жалпы сомасынан нысаналы жинақтарды алушыларға Ұлттық қордан берілетін жыл сайынғы іс жүзіндегі төлемдер шегеріледі.
Осылайша, нысаналы талаптардың есепті жылдың аяғындағы жиынтық сомасы (НТжиыны) мынадай формула бойынша есептеледі:
НТжиыны = НТ50%ОИК + (НТалдыңғы – ТС)*(1 + КМ), мұндағы:
ТС – БЖЗҚ деректеріне сәйкес айқындалатын есепті жылдың ішіндегі Ұлттық қордан берлетін төлемдердің жалпы сомасы.
НТалдыңғы – нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша сомасы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. БЖЗҚ ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мынадай:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын туған кезде алғаны туралы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнін көрсетіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын туғанынан кейін қабылдағаны туралы;
3) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны немесе шыққаны туралы;
4) қайтыс болған күнін не соттың қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің заңды күшіне енген күнін көрсетіп, қайтыс болғаны туралы;
5) ЖТ МДҚ-да қамтылған мәліметтердің жаңартылғаны туралы мәліметтерді алады.
БЖЗҚ ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін дербес қалыптастырады.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. БЖЗҚ нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастыру кезінде:
1) ЖТ МДҚ-да "азаматтығы" деген жолда "Қазақстан" деген жазу жоқ адамдарды "Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған немесе азаматтығынан шыққан" деген санатқа жатқызады;
2) ЖТ МДҚ-да "өмірлік мәртебесі" деген жолда "қайтыс болған" деп көрсетілген адамдарды "қайтыс болған не заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланған" деген санатқа жатқызады.";
9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. БЖЗҚ есепті 2023 жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын 2023 жылдың соңына дейін соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне сәйкес қайтыс болған не қайтыс болды деп жарияланған адамдарды қоспағанда, электрондық тізімге енгізілген 2023 жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын негізге ала отырып айқындайды.
Кейінгі жылдары БЖЗҚ есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы санын есептеуді мынадай формула бойынша жүзеге асырады:
Қ = Қалдыңғы+ ТҚ + ҚА – ҚҚ – АЖҚ – ОТҚ + ББҚ – ҚБҚ, мұндағы:
Қ – есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылар (оның ішінде есепті жылдың ішінде қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар);
Қалдыңғы – есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылар (оның ішінде есепті жылдың алдындағы жылдың ішінде қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар);
ТҚ – есепті жылы туған нысаналы талаптарға қатысушылар;
ҚА – есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған нысаналы талаптарға қатысушылар;
ҚҚ – есепті жылдың алдындағы жылдың ішінде қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар (2023 жылдың соңына дейін қайтыс болғандарды не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандарды қоспағанда);
АЖҚ – есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан нысаналы талаптарға қатысушылар;
ОТҚ – есепті жылы он сегіз жасқа толған нысаналы талаптарға қатысушылар;
ББҚ – нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы бар не болған, бұрын есепке алынбаған балалар, сондай-ақ бұрын есепке алынғандарды қоса алғанда, туған күнінде, қайтыс болған күнінде, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған күнінде өзгерістер болған адамдар (бұдан әрі – нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болған, бұрын есепке алынбағандар);
ҚБҚ – нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынған балалар, сондай-ақ туған күнінде, қайтыс болған күнінде, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған күнінде өзгерістер болған адамдар (бұдан әрі – нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынғандар).
10. Жыл сайын:
1) есепті жылдан кейінгі бірінші айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей БЖЗҚ:
ағымдағы жылдың бірінші айының он бесінші күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 23:59:59-дағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға ЖТ МДҚ-дан түскен өзгерістерді ескере отырып, есепті жылдың соңындағы (31 желтоқсанды қоса алғанда) жағдай бойынша осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтердің негізінде БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады;
верификациялауды жүргізу үшін "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін жібереді.
Егер соңғы күн жұмыс істемейтін күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімі аяқталған күн болып есептеледі;
2) БЖЗҚ-дан электрондық тізімді алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың қалыптастырылған тізімінің дұрыстығын растайды.
11. Ағымдағы жылы есепке жазу үшін бір нысаналы талаптарға қатысушыға нысаналы талаптарды есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
![]()
Қ – осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелген есепті жылдың соңындағы нысаналы талаптарға қатысушылардың жалпы саны;
НТ – мына:
есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;
нысаналы талаптардың қатысушысы болуға құқығы бар не болған, бұрын есепке алынбаған;
нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынған нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының сомасына және нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтарының сомасына;
сондай-ақ есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы НТС50%ОИК дөңгелектегеннен кейінгі қалдықтар және есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптар сомасына есептелген инвестициялық кіріс шамасына (ҚЖМДК) түзетуді ескере отырып, есепті жылдағы нысаналы талаптар сомасы.
НТС50%ОИК кесу әдісін қолдана отырып, үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектеледі.
НТ мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
НТ = НТ50%ОИК + НТтүз, мұндағы:
НТ50%ОИК – есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасы, ол Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептеледі;
НТтүз – түзету сомасы.
НТтүз мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
НТтүз = НТАЖҚ + НТҚБҚ – НТББҚ + ҚЖМДК, мұндағы:
НТАЖҚ – есепті жылдың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу себептерінен шығып қалған нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының жалпы сомасы, ол осы нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мынадай формула бойынша есептеледі:

НТҚБҚ – есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың электрондық тізіміне нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы жоқ ретінде енгізілген нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының жалпы сомасы, ол осы нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мынадай формула бойынша есептеледі:
![]()
НТББҚ – есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың электрондық тізімінде болмаған нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының жалпы сомасы, ол осы нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша мынадай формула бойынша есептеледі:

НЖ – мына:
өткен жылдар немесе ағымдағы жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу себептерінен шығып қалғандардың;
нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынғандардың нысаналы жинақтарының жалпы сомасы.
ҚЖМДК – бір нысаналы талаптарға қатысушыға есепті жылдың нысаналы талаптарының сомасы мен барлық нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша бір нысаналы талаптарға қатысушыға арналған нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы (НТСалдыңғы*ЖК) жылдың соңындағы сомасына есепке жазылған инвестициялық кіріс сомасын дөңгелектегеннен кейінгі қалдықтардың жиынтық мөлшері.
Есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылдың электрондық тізімінде болмаған әрбір нысаналы талаптарға қатысушы үшін осы нысаналы талаптарға қатысушы нысаналы талаптарға қатысушы ретінде ескерілетін күнтізбелік жыл (бұдан әрі – кіру жылы) айқындалады. Осы нысаналы талаптарға қатысушы үшін НТСкалдыңғы мәні көрсетілген кіру жылындағы нысаналы талаптарға қатысушылар ретінде есепке алынған нысаналы талаптарға қатысушылардың НТСалдыңғы мәніне тең деп қабылданады.
Есептi жылдың алдындағы жыл басталғанға дейiн қайтыс болған, не соттың заңды күшiне енген шешiмiмен қайтыс болды деп жарияланған, не есептi жыл басталғанға дейiн он сегiз жасқа толған нысаналы талаптарға қатысушылар үшiн кiру жылы, сондай-ақ осы нысаналы талаптарға қатысушы нысаналы талаптарға қатысушы болуын тоқтататын күнтiзбелiк жыл (бұдан әрi – шығу жылы) айқындалады. Мұндай нысаналы талаптарға қатысушы үшін нысаналы талаптардың шамасы кіру жылы нысаналы талаптарға қатысушылар ретінде ескерілген нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шығу жылындағы нысаналы талаптардың мәніне тең деп қабылданады.
12. Есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша бір нысаналы талаптарға қатысушыға нысаналы талаптардың сомасы мынадай формула бойынша есептеледі:
НТС = НТС50%ОИК + НТСалдыңғы * (1 + ОК), мұндағы:
НТСалдыңғы – нысаналы талаптарға қатысушыға арналған нысаналы талаптардың есепті жылдың алдындағы жылдың соңындағы сомасы;
НТСалдыңғы * (1 + ОК) кесу әдісі қолданылып, үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді.
Дөңгелектегеннен кейінгі қалдықтардың шамалары барлық нысаналы талаптарға қатысушылар үшін қалдықтардың жиынтық мөлшерін есептеу үшін қосылады (ҚЖМДК);
ОК – осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес есептелетін Ұлттық қордың валюталық активтерінің он сегіз жылдағы орташа жылдық (орташа геометриялық) кірістілігі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. БЖЗҚ осы Қағидалардың 14-тармағы орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ҚР ҰБ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылы он сегіз жасқа толған/толатын, есепті жылы қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар, сондай-ақ алдыңғы кезеңдер ішінде нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы бар не болған, бұрын есепке алынбаған балалар, нысаналы талаптарға қатысушылар немесе нысаналы жинақтарды алушылар бойынша нысаналы жинақтар сомасында нысаналы активтер шотына алдыңғы кезеңдер ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан адамдар, сондай-ақ нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынған адамдар бойынша нысаналы жинақтар сомасына азайтылған нысаналы талаптарды аударуға өтінім жібереді.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Есепті жылдың ішінде ЖТ МДҚ-дан Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылылғаны немесе шыққаны туралы, ЖТ МДҚ-да мәліметтердің жаңартылғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығының жоқ екендігі туралы мәліметтерді алған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемдерін алу құқығын жоғалтады, бұл ретте:
1) нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптары осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес басқа нысаналы талаптарға қатысушылар арасында бөлінуге тиіс;
2) нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтары нысаналы жинақтау шотынан есептен шығарылуға және осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес басқа нысаналы талаптарға қатысушылар арасында бөлінуге тиіс. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шоты осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес жабылады.";
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының нысаналы талаптарын алу үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға жеке жүгіне отырып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша нысаналы жинақтар төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан – өтініш);
2) мұрагердің немесе жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, не мұраға қалдырылатын мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, не соттың заңды күшіне енген шешімі;
5) мұрагердің уәкілетті операторда АҚШ долларымен ашылған банктік шотының деректемелері.
Мұрагер (мұрагерлер) БЖЗҚ-ға осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген тәртіппен нысаналы жинақтар түрінде нысаналы жинақтау шотына есепке жатқызылғаннан кейін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушының нысаналы талаптарының төленуі үшін жүгінеді.
БЖЗҚ жоғарыда көрсетілген құжаттарды мұрагерден (мұрагерлерден) алған кезде ЖТ МДҚ-дан нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді сұратады.
Нысаналы жинақтау шоты және (немесе) ЖТ МДҚ-да нысаналы талаптарға қатысушының немесе нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған жағдайда БЖЗҚ мұрагер (мұрагерлер) жеке жүгінген кезде БЖЗҚ-ның ішкі құжатында айқындалатын нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріп, жүгінген күні оның (олардың) өтінішін қабылдаудан бас тартады.
36. Өтініш:
1) үшінші тұлға арқылы берілген кезде үшінші тұлға (сенім білдірілген тұлға, заңды өкіл) осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша:
нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның өтініш беру жөніндегі өкілеттіктері, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі көрсетілген нотариат куәландырған көшірмесін;
жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын;
заңды өкіл жүгінген жағдайда заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Бұл ретте мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда);
2) пошта байланысы құралдары арқылы берілген кезде мұрагердің, заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ мұрагердің, заңды өкілдің өтініштегі қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетте жүргізілген жағдайда).".
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Есепті 20 ___ жылдың соңындағы жағдай бойынша нысаналы талаптарға қатысушылардың саны туралы мәліметтер
Р/с | Нысаналы талаптарға қатысушылардың санаты * | Саны |
1 | 2 | 3 |
1. | Есепті жылдың басында барлығы | |
2. | Есепті жылы туғандар | |
3. | Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағандар | |
4. | Есепті жылдың алдындағы жылы қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар** | |
5. | Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандар не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар | |
6. | Есепті жылы он сегіз жасқа толғандар | |
6.1. | Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы | |
6.2. | Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандар не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар (5-бағанда ескерілді) | |
6.3. | Нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болған, бұрын есепке алынбағандар (7-бағанда ескерілді) | |
6.4. | Нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынғандар (8-бағанда ескерілді) | |
6.5. | 6.1 – 6.4-бағандарда көрсетілген өзгерістерді ескергенде, барлығы (6.1 - 6.2 + 6.3 - 6.4-бағандар) | |
7. | Нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болған, бұрын есепке алынбағандар | |
8. | Нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынғандар | |
9. | Есепті жылдың соңында барлығы *** | |
10. | Есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылы он сегізге толатындар*** | |
11. | Есепті жылдың ішінде қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар |
Ескертпелер:
* нысаналы талаптарға қатысушылар санатына осы Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларының 10-тармағына сәйкес жүргізілген верификацияның қорытындылары бойынша өзге де нақтылаулар енгізіледі;
** есепті 2024 жыл үшін 4-бағандағы ақпарат = 0;
*** есепті 2023 жыл үшін ақпарат 9 және 10-бағандарда ғана көрсетіледі.
Мәліметтер құрамы | MD5 хеш-сомасы | Өлшемі (байт) | Файлдағы жазбалар саны |
Нысаналы талаптарға қатысушылардың жеке сәйкестендіру нөмірлерінің тізімі |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
______________/ ______________/ _______________
Мөр орны лауазымы қолы толық жазылуы
Қол қойылған күн _____________
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы
________________/ ______________/ _______________
Мөр орны лауазымы қолы толық жазылуы
Қол қойылған күн _____________
Нысаналы талаптарды аударуға № __ өтінім күні _______
Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларына сәйкес нысаналы талаптар "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының нысаналы активтер шотына мына сомада аударылсын:
Ағымдағы күнтізбелік жылы он сегіз жасқа толған және толатын адамдар бойынша нысаналы талаптардың сомасы | _________ |
Қайтыс болғандар не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғандар бойынша нысаналы талаптардың сомасы | _________ |
Нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы бар, бұрын есепке алынбағандар бойынша нысаналы талаптардың сомасы | _________ |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының нысаналы активтер шотына нысаналы жинақтар түрінде аударуға арналған нысаналы талаптардың барлық сомасы | _________ |
Нысаналы жинақтар нысаналы жинақтау шотына есепке жатқызылғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, сондай-ақ нысаналы талаптарға қатысушылар болуға құқығы болмаған, бұрын есепке алынғандар бойынша аударуға арланған нысаналы талаптардың сомасын түзету | _________ |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының нысаналы активтер шотына аударуға арналған соманың жиыны | ________ |
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
______________/ ______________/ _______________
Мөр орны лауазымы қолы толық жазылуы
Қол қойылған күн _______
