Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 606 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарында:
"Ағымдағы жағдайды талдау, инфрақұрылым бағыттарының нысаналы индикаторлары" деген 5-бөлімде:
"Энергетикалық инфрақұрылым" деген 5.1-кіші бөлімде:
"Жылу желілері" деген бағыттың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2024 жылдың соңында Қазақстандағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 13 мың км құрады, олардың орташа тозу деңгейі 52 %-ға жетті. Павлодар (тозу 81 %), Абай (59,4 %), Қарағанды (64,3 %), Маңғыстау (62 %) және Шығыс Қазақстан (62 %) облыстарында күрделі жағдай байқалады. Тозу деңгейін төмендету мақсатында 2024 жылы жылумен жабдықтау жүйесін оңалту бағдарламасы шеңберінде 285 км жуық жылу желілері реконструкцияланып, күрделі жөнделуден өтті.";
"Газдандыру" деген бағыттың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Газ тасымалдау жүйесі 21,3 мыңнан астам км қамтып, Қазақстанның батыс, оңтүстік және орталық өңірлерінің тұрғындары үшін газ тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе газды Ресейден Өзбекстанға және Түрікменстаннан Қытайға транзиттік тасымалдауда да маңызды рөл атқарады.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел халқын газдандыру деңгейі 62,4 %-ға жетті немесе 12,6 млн адам табиғи газға қол жеткізді (2020 жылы – 54,29 %, 2021 жылы – 57,67 %, 2022 жылы – 59 %, 2023 жылы – 59 %, 2024 жылы – 62,4 %).";
"Энергетика" деген бағыттың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Іске қосылатын жинақтаушы электр қуатының көлемі – 2029 жылға қарай 11,662 ГВт (2024 жылы – 0,728 ГВт, 2025 жылы – 1,199 ГВт, 2026 жылы – 3,712 ГВт, 2027 жылы – 4,377 ГВт, 2028 жылы – 8,547 ГВт, 2029 жылы – 11,662 ГВт).";
"Жылу желілері" деген бағыт мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 2029 жылға қарай 42 %-ға дейін төмендету (2024 жылы – 52 %, 2025 жылы – 51 %, 2026 жылы – 48 %, 2027 жылы – 45 %, 2028 жылы – 43 %, 2029 жылы – 42 %).";
"Газдандыру" деген бағыт мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Елді газдандыру деңгейі – 2029 жылға қарай 65,8 % (2024 жылы – 62,4 %, 2025 жылы – 64,2 %, 2026 жыл – 64,3 %, 2027 жылы – 64,5 %, 2028 жылы – 65,3 %, 2029 жылы – 65,8 %).";
"Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы" деген 5.3-кіші бөлімде:
"Сумен жабдықтау" деген бағытта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 2029 жылға дейін жаңа 19 су қоймасын салу, бірлік (2025 жылы – 1, 2027 жылы – 5, 2028 жылы – 4, 2029 жылы – 9).";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. 2025 жылға қосымша жинақталған су көлемі – 0,0011 км3, 2027 жылы – 0,068 км3, 2028 жылы – 0,79 км3, 2029 жылы – 1,5 км3.";
"Цифрлық инфрақұрылым" деген 5.4-кіші бөлімде:
"Нысаналы индикаторлар" мынадай редакцияда жазылсын:
"(куратор: Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі)
АЕМ-ді кең жолақты қолжетімді Интернетпен қамту (2024 жылы – 80 %, 2025 жылы – 85 %, 2026 жылы – 90 %, 2027 жылы – 100 %).
Талшықты-оптикалық байланыс желілерін ауылға дейін жеткізу (%) (2024 жылы – 50 %, 2025 жылы – 60 %, 2026 жылы – 80 %, 2027 жылы – 90 %; 2028 жылы – 100 %).
Цифрлық инфрақұрылымды пайдалана отырып, республикалық және негізгі облыстық жолдарды мобильді Интернетпен қамтамасыз ету үлесі (2024 жылы – 50 %, 2025 жылы – 60 %, 2026 жылы – 70 %, 2027 жылы – 80 %, 2028 жылы – 90 %, 2029 жылы – 100 %).
Еуропа мен Шығыс Азия арасында баламалы тікелей арна салу (2024 жылы – 10 %, 2025 жылы – 100 %).
Жергілікті өңделетін транзиттік деректердің "Азия – Еуропа" жалпы трафигінен үлесі (2024 жылы – 2 %, 2025 жылы – 2,5 %, 2026 жылы – 5 %, 2027 жылы – 5,5 %, 2028 жылы – 6 %, 2029 жылы – 6 %).";
"Жоспардың қаржылай қамтамасыз етілуі және әсері" деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
203 жобаны 40,1 трлн теңгеге қаржыландыру қажет, оның ішінде мыналардың есебінен:
1) республикалық бюджет – 1 трлн теңге;
2) Ұлттық қор – 0,5 трлн теңге;
3) жергілікті бюджет – 2 трлн теңге;
4) бюджеттен тыс қаражат – 36,6 трлн теңге.
А тізбесінде 29,4 трлн теңге сомасына 125 жобаны мыналардың есебінен іске асыру көзделеді:
1) республикалық бюджет – 0,76 трлн теңге;
2) Ұлттық қор – 0,4 трлн теңге;
3) жергілікті бюджет – 1,9 трлн теңге;
4) бюджеттен тыс қаражат – 26,4 трлн теңге.
В тізбесінде 10,7 трлн теңге сомасына 79 жобаны мыналардың есебінен іске асыру көзделеді:
1) республикалық бюджет – 0,3 трлн теңге;
2) Ұлттық қор – 0,14 трлн теңге;
3) жергілікті бюджет – 0,15 трлн теңге;
4) бюджеттен тыс қаражат – 10,2 трлн теңге.
Жоспар жобаларын қаржыландырудың 90 %-ға жуығы бюджеттен тыс қаражат есебінен жоспарланған. Жоспар жобаларын іске асыру үшін мынадай тетіктер есебінен бюджеттен тыс қаржыландыру белсенді тартылатын болады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік;
2) кредит беру (екінші деңгейдегі банктерден, халықаралық қаржы ұйымдарынан, Қазақстанның Даму Банкінен, даму институттарынан);
3) мемлекеттің кепілдік етуімен қарыз алу;
4) жеке инвестициялар;
5) инвесторлардың меншікті қаражаты.
Жобаларды іске асыруды қаржыландырудың нақты көздері жобалардың инвестициялық кезеңі шеңберінде тиісті сараптамалар мен қорытындылар алынғаннан кейін айқындалатын болады.
Қорландыруды тарту бюджет қаражатының шектеулі болуына байланысты Жоспар жобаларының басым бөлігін бір уақытта қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Қарыз қаражатын өтеу әртараптандырылған көздер, оның ішінде бюджет қаражаты, тарифтер, "Инвестициялар орнына тариф" бағдарламасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары шеңберінде жекеше әріптеске шығындарды өтеу, қаржыландырудың жеңілдікті бағдарламалары, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары есебінен жүзеге асырылатын болады.
А және В тізбелерін қалыптастырған кезде Жоспардың басым бөлігінің құжаттамасы әзір болған жоқ, жобалардың құны мен қаржыландыру көздері бойынша ақпарат жорамалмен берілуі мүмкін.
Индикаторларға, оның ішінде Жоспар жобаларын іске асыру кезінде өңдеу өнеркәсібін пайдалану индикаторына қол жеткізу мониторингін мемлекеттік органдар атынан кураторлар күнтізбелік жылдың аяқталу қорытындылары бойынша жүзеге асырып, 15 қаңтарға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға есептік ақпарат беретін болады.".
Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарына қосымшада:
"Энергетика" деген бағытта:
Куратор: ЭМ:
реттік нөмірі 21-жол алып тасталсын;
"Су инфрақұрылымы" деген бағытта:
Куратор: КМ:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Ақтау теңіз порты акваториясының түбін тереңдету | КМ, "АТСП" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі |
2026 | 18 078 159 | 0 | 0 | 0 | 18 078 159 |
";
"Су инфрақұрылымы" деген бағытта:
Куратор: КМ:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Кеме жасау және кеме жөндеу зауытын салу | ӨҚМ, "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі | 2024–2027 | 32 200 000 | 0 | 0 | 0 | 32 200 000 |
";
"Авиациялық инфрақұрылым" деген бағытта:
Куратор: КМ:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Үржар әуежайының аэровокзалын реконструкциялау | Абай облысының әкімдігі, КМ, Қаржымині, ҰЭМ | пайдалануға беру актісі | 2027 | 3 500 000 | 0 | 0 | 0 | 3 500 000 |
";
"Сумен жабдықтау" деген бағытта:
Куратор: ӨҚМ:
реттік нөмірлері 3, 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Құндақтықыр су тартқышының сорғы станциясының 2-ші сутартқышын СТҚ алаңына дейін салу | Ақтөбе облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2026–2028 | 15 000 000 | 0 | 0 | 15 000 000 | 0 |
4 | Ақтөбе қаласының су тазарту құрылысжайын салу (СТҚ) | Ақтөбе облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2026–2028 | 3 200 000 | 0 | 0 | 3 200 000 | 0 |
5 | Ақтөбе қаласының Құндақтықыр су тартқышының станциясына дейін Сарыбұлақ 1-ші көтерілімнің сорғы станциясын және су құбырын салу | Ақтөбе облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2024–2028 | 7 678 409 | 0 | 0 | 7 678 409 | 0 |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Орал қаласының су тазарту құрылысжайларын реконструкциялау | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2021–2028 | 7 000 000 | 0 | 0 | 0 | 7 000 000 |
";
реттік нөмірлері 10, 11, 12, 13, 14 және 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС аумағында пермеаттың жалпы өнімділігін тәулігіне 24000 м3 ұлғайта отырып, кері-осмос станциясын салу | Маңғыстау облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2025–2028 | 8 500 000 | 8 500 000 | 0 | 0 | 0 |
11 | Кендірлі кентінде тұщыландыру зауытын салу | Маңғыстау облысының әкімдігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі | 2023–2028 | 122 700 000 | 0 | 0 | 0 | 122 700 000 |
12 | Алматы қаласына қосылған кенттердің инженерлік желілерін дамыту. Наурызбай ауданын қамтамасыз ету үшін Ақсай өзенінде су тарту құрылысжайын және су дайындау станциясын салу | Алматы қаласының әкімдігі | пайдалануға беру актісі | 2020–2026 | 19 674 832 | 7 239 088 | 0 | 0 | 9 735 744 |
13 | Наурызбай ауданын қамтамасыз ету үшін Қарғалы су тарту құрылысжайын және су дайындау станциясын салу | Алматы қаласының әкімдігі | пайдалануға беру актісі | 2023–2028 | 440 000 | 0 | 0 | 0 | 440 000 |
14 | Наурызбай ауданында "Ақсай" (Барлық) су тарту желісін және оған іргелес су құбыры желілерін салу | Алматы қаласының әкімдігі | пайдалануға беру актісі | 2023–2027 | 12 000 000 | 0 | 0 | 0 | 12 000 000 |
15 | Өнімділігі тәулігіне 9 000 м3 су тарту құрылысжайын және су дайындау станциясын салу (Ерменсай) | Алматы қаласының әкімдігі | пайдалануға беру актісі | 2023–2027 | 16 000 000 | 0 | 0 | 0 | 16 000 000 |
";
"Су бұру" деген бағытта:
Куратор: ӨҚМ:
реттік нөмірлері 3, 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Ақтөбе қаласының КТҚ салу | Ақтөбе облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2025–2028 | 53 500 000 | 0 | 0 | 6 200 000 | 47 300 000 |
4 | Қонаев қаласының КТҚ салу | Алматы облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2026–2028 | 16 000 000 | 0 | 0 | 0 | 16 000 000 |
5 | Атырау қаласының КТҚ реконструкциялау | Атырау облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2021–2026 | 21 400 000 | 0 | 0 | 21 400 000 | 0 |
";
реттік нөмірлері 10 және 11-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Қызылорда қаласының КТҚ реконструкциялау | Қызылорда облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2023–2026 | 1 029 151 | 0 | 0 | 0 | 1 029 151 |
11 | Ақтау қаласының КТҚ реконструкциялау | Маңғыстау облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2023–2025 | 4 218 530 | 0 | 0 | 4 218 530 | 0 |
";
"Су бұру" деген бағытта:
Куратор: ӨҚМ:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Степногорск қаласының КТҚ реконструкциялау | Ақмола облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2025–2028 | 6 500 000 | 0 | 0 | 0 | 6 500 000 |
";
реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
44 | Леңгір қаласының КТҚ салу | Түркістан облысының әкімдігі, ӨҚМ | пайдалануға беру актісі | 2023–2025 | 861 000 | 0 | 0 | 861 000 | 0 |
";
"Цифрлық инфрақұрылым" деген бағыт мынадай редакцияда жазылсын:
Куратор: ЖИЦДМ:
"
1 | Республикалық және негізгі облыстық автожолдардың МКЖҚ жабу үшін цифрлық инфрақұрылым салу (ТОБЖ жүргізу, АДҚ және трансмиссия орнату, электр энергиясын жеткізу) | ЖИЦДМ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ӨҚМ, КМ, байланыс операторлары (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі | 2024–2027 | 61 000 000 | 54 900 000 | 0 | 6 100 000 | 0 |
2 | Халық саны 250 адамнан асатын АЕМ-ді 4G технологиясы бойынша мобильді Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету |
ЖИЦДМ, байланыс оператор | пайдалануға беру актісі | 2024–2027 | 100 104 000 | 0 | 0 | 0 | 100 104 000 |
3 | "ТОБЖ арқылы АЕМ КЖҚ қамтамасыз ету" жобасын іске асыру | ЖИЦДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, байланыс операторлары (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі | 2024–2027 | 532 109 020 | 73 600 020 | 0 | 0 | 458 509 000 |
4 | Цифрлық инфрақұрылымды пайдалана отырып, республикалық және негізгі облыстық жолдарды МКЖҚ қамтамасыз ету | ЖИЦДМ, ӨҚМ, КМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, байланыс операторлары (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі | 2024–2027 | 30 000 000 | 0 | 0 | 0 | 30 000 000 |
5 | Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы Каспий теңізінің түбін бойлай ТОБЖ құрылысын салу жөніндегі жобаны іске асыру | ЖИЦДМ, "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша) және "Азертелеком" ААҚ (келісу бойынша) бірлескен кәсіпорны | пайдалануға беру актісі | 2024–2026 | 11 600 000 | 0 | 0 | 0 | 11 600 000 |
6 | Батыс-Шығыс ұлттық гипермагистралін салу | ЖИЦДМ, "Freedom telecom"ЖШС (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі | 2024–2026 | 17 000 000 | 0 | 0 | 0 | 17 000 000 |
";
"Цифрлық инфрақұрылым" деген бағыт мынадай редакцияда жазылсын:
Куратор: ЖИЦДМ:
"
1 |
"АЕМ-дегі үй қожалықтарына дейін Интернеттің "соңғы милін" субсидиялау" жобасы шеңберінде үй қожалық | ЖИЦДМ, Қаржымині, ҰЭМ, КМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, байланыс операторлары (келісу бойынша) | пайдалануға беру актісі | 2024–2027 | 46 000 000 | 0 | 0 | 0 | 46 000 000 |
";
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | КЖҚ қызметтерін ұсыну үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, халық аз қоныстанған ауылдық пункттерге дейін спутниктік арналарды ұйымдастыру |
ЖИЦДМ, "РҒБО" АҚ (келісу бойынша), байланыс операторлары (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдік | пайдалануға беру актісі | 2023–2027 | 9 964 488 | 9 964 488 | 0 | 0 | 0 |
";
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Мемлекеттік органдар үшін ыстық және суық резервтері бар деректерді өңдеу орталығын, ДӨО құру | ЖИЦДМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері | пайдалануға беру актісі | 2024–2027 | 37 000 000 | 37 000 000 | 0 | 0 | 0 |
";
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Астана қаласында жаңа деректерді өңдеу орталығын, "Қазақтелеком" АҚ ДӨО салу | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша), Астана қаласының әкімдігі | пайдалануға беру актісі | 2024–2026 | 15 000 000 | 0 | 0 | 0 | 15 000 000 |
".
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
