"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) "Еуразиялық Сауда Жүйесі" тауар биржасы" акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы болып;
2) "Каспий" Тауар Биржасы" акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
