ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының төртінші, бесінші, жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 1062 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 123-101-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 384-жол алып тасталсын.
3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 104-жолда:
5-бағанның 1) тармақшасы алып тасталсын;
реттік нөмірі 402-жолда:
5-бағанның 5) тармақшасы алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) салалық келісімдерді тіркеуді жүзеге асыру;";
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін, сондай-ақ мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымының бірінші басшысын қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
"35-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын:
"72-1) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар кіре алатын шарттарды келісу;";
мынадай мазмұндағы 100-1) тармақшамен толықтырылсын:
"100-1) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу жөніндегі нысандарды әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 108-1) тармақшамен толықтырылсын:
"108-1) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын әзірлеу және бекіту;";
130-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"130-1) жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына жеңілдіктер мен өтемақыларды беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
138) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"138) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 162-3) тармақшамен толықтырылсын:
"162-3) әлеуметтiк қызметкерлер қызметiнiң функциялары мен сипатын айқындау, мамандықтардың тiзбесi мен оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу;";
179) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"179) мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін бағалау тәртібін әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 229-49), 229-50), 229-51), 229-52), 229-53), 229-54), 229-55), 229-56), 229-57), 229-58), 229-59), 229-60), 229-61), 229-62), 229-63), 229-64), 229-65), 229-66), 229-67) және 229-68) тармақшалармен толықтырылсын:
"229-49) құзыреті шегінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
229-50) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
229-51) ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;
229-52) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізу;
229-53) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;
229-54) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
229-55) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
229-56) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
229-57) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
229-58) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
229-59) Министрліктің жұмылдыру жоспарын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
229-60) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
229-61) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-62) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау әзірлеу және бекіту;
229-63) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
229-64) ведомстволық бюджет комиссиясын құру, оның жұмыс органын айқындау, ол туралы ережені, құзыреті мен құрамын бекіту;
229-65) өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-66) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы ұйымдарда бос орындарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-67) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы ұйымдарда бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді жариялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-68) орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардағы әкімшілік-басқару персоналы санының нормативтерін белгілеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Акционерлік қоғамдар:" деген бөлімде:
2-тармақ алып тасталсын.
