Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1057 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 512 қаулысына 2-қосымша |
"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы қамқоршылық кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Астана қаласы әкімінің орынбасары
"Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры (келісу бойынша)
Аблазимов | - | "ҚазАзот" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша) |
Баталов | - | "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы (келісу бойынша) |
Жақыпов | - | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша) |
Ибрагимов | - | ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы (келісу бойынша) |
Хойтинк Сегер | - | Agip Karachaganak B.V. төрағасы және басқарушы директоры (келісу бойынша) |
