Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1053 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифтерді) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қағидалар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет көрсететін байланыс операторларына (бұдан әрі – Оператор) қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) активтердің реттелетін базасы – Оператордың бухгалтерлік балансында көрсетілетін және қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жеке меншіктегі немесе өзге заңды негіздердегі активтердің құны;

      2) бөлектеп есепке алу – кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары мен қызмет түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқару есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындар және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі;

      3) Оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың қажеттіліктері үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кабельдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру жөнінде қызметтерді көрсететін заңды немесе жеке тұлға;

      4) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

      5) "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiмет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бағалардың (тарифтердің) жоғарылауын келісу немесе жаңадан енгізілетін көрсетілетін қызметтер бағасын (тарифтерін) келісу үшін операторлар уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлама (өтінім) жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Оператордың хабарламасын (өтінімін) уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен алпыс күн ішінде қарайды. Бағалар (тарифтер) жобаларын қарау мерзімі хабарлама (өтінім) алынған сәттен бастап есептеледі.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейін қарау нәтижелері бойынша оларды келісу немесе олардан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      20. Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейі негізді болмаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес хабарламаны (өтінімді) қарау мерзімінен кешіктірмей Операторға бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлап, бағаларды (тарифтерді) келісуден бас тартудың себептерін көрсетеді.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Операторлар, сондай-ақ қызметтерді алғаш көрсетушілер, көрсетілетін қызметтер бағаларын (тарифтерін) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде осы Қағидаларға сәйкес келтіреді және уәкілетті органға келісу үшін осы Қағидаларға сәйкес хабарлама (өтінім) жібереді.

      23. Оператор осы Қағидаларды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады