Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда, 9814,503 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1051 қаулысына 1-қосымша "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары

Р/с № | Аймақтардың атауы: | Ауданы, гектар |
1. | Порттық аймақ | 656,3543 |
2. | Индустриялық аймақ | 7428,1487 |
3. | Логистикалық аймақ | 1730 |
Жиыны: | 9814,503 |
____________________
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 1051 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген |
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с | Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер | Өлшем бірлігі* | Базалық кезең (2024 жыл) | 2027 жылға қарай қол жеткізу | 2032 жылға қарай қол жеткізу | 2037 жылға қарай қол жеткізу | 2042 жылға қарай қол жеткізу | 2047 жылға қарай қол жеткізу | 2052 жылға қарай қол жеткізу |
нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | нысаналы индикатор | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 290 | 370 | 830 | 980 | 1090 | 1160 | 1320 |
1.1 | шетелдік инвестициялар көлемі | млрд теңге | 170 | 179 | 350 | 430 | 480 | 530 | 620 |
1.2 | отандық инвестициялар көлемі | млрд теңге | 120 | 191 | 480 | 550 | 610 | 630 | 700 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
2 | АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі | млрд теңге | 450 | 570 | 900 | 1050 | 1200 | 1400 | 1600 |
3 | Қатысушылар саны (компаниялар) | бірл. | 50 | 60 | 105 | 125 | 145 | 160 | 180 |
4 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны | адам | 2300 | 3400 | 6300 | 7000 | 7300 | 7600 | 7900 |
5 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 50 | 53 | 63 | 68 | 73 | 78 | 83 |
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
