Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 995 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақмола облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 0,83 гектар жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен электр беру желілерінің құрылысын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін "KEGOC" акционерлік қоғамына беруді қамтамасыз етсін.

      3. "KEGOC" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 21 қарашадағы
№ 995 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

орман көмкермеген

жайылымдар

"Ақмола облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Ақкөл" орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

0,83

-

-

0,83

Барлығы:

0,83

-

-

0,83


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады