"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 945 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:

      "1. Жалпы ережелер" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Комиссияның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3-2. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері ҰҚШҰ ӘЭЫМК отырыстарына қатысады.";

      "2. Комиссияның функциялары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комиссияның функциялары";

      "3. Комиссияның құрамы" деген тақырып алып тасталсын;

      9 және 10-тармақтар алып тасталсын;

      "4. Комиссия қызметін ұйымдастыру" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 10 қарашадағы
№ 945 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 наурыздағы
№ 169 қаулысымен
бекітілген

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамы

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, тең төраға;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары, тең төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаменті әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, жауапты хатшы;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық интеграция департаменті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Арнайы бағдарламалар комитеті қорғанысты экономикалық қамтамасыз етуді жоспарлау және үйлестіру жөніндегі басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті стандарттау және тауар шығаратын елдер басқармасының бастығы;

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен департаменті экономика, қорғаныстық ғылыми зерттеулер және әскери-өнеркәсіптік стандарттау және әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының басшысы;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті өнеркәсіптік меншік басқармасының бас сарапшысы;

      Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен департаменті экономика, қорғаныстық ғылыми зерттеулер және әскери-өнеркәсіптік стандарттау және әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы;

      "Қазақстан инжиниринг" R&D орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады