Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Статистиканы жетілдіру бағдарламасы бойынша білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 929 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Статистиканы жетілдіру бағдарламасы бойынша білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Арманұлы Ерғалиевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Статистиканы жетілдіру бағдарламасы бойынша білім саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 5 қарашадағы
№ 929 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметімен Азия Даму Банкі арасындағы Статистиканы жетілдіру бағдарламасы бойынша білім саласындағыөзара түсіністік туралы меморандум

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) және Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ) мемлекеттік басқаруды дамыту үшін ақпарат пен білімнің құндылығын мойындайотырып, сондай-ақ Қазақстанның статистика жүйесін жетілдіру бойынша озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, Статистиканы жетілдіру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша білім саласында бірлескен ынтымақтастық туралы өзара түсіністікке қол жеткізді.

      Осы Өзара түсіністік туралы меморандум(бұдан әрі –Меморандум) Бағдарламаға, оның мақсаттарына, қамту саласына, ынтымақтастық бағыттары мен іске асыру тетіктеріне қатысты Үкімет пен АДБ (бұдан әрі Тараптар деп аталады) арасындағы өзара түсіністікті көрсетеді. Бағдарлама АДБ-ның Қазақстан Республикасымен Елдік әріптестік стратегиясын іске асыруды қолдайтын болады.

      Үкімет тарапынан Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) болып табылады.

1-бап

      1. Бағдарламаның мақсаты шешім қабылдау процесін жетілдіру мақсатында статистикалық жүйені нығайту үшін озық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдануға баса назар аудара отырып, Қазақстан мен АДБ арасындағы статистика бойынша білім саласындағы әріптестікті тереңдету және нығайту болып табылады.

      2. Бағдарламаынтымақтастықтың бес негізгі бағытын қамтиды:

      1) озық технологияларды пайдалану;

      2) әдіснама әзірлеу және сынақтан өткізу;

      3) статистикалық офистердің білімі мен әлеуетін арттыру;

      4) статистикалық қосымшалармен бағдарламаларды жетілдіру;

      5) өңірде статистика саласындағы озық білім мен тәжірибені тарату.

      3. Бағдарламаның негізгі нәтижелері:

      1) нұсқаулықтар, статистикалық қосымшалар мен бағдарламалар бойынша есептер;

      2) зерттеулер мен талқылаулар бойынша есептер;

      3) жетекші сарапшылардың қатысуымен оқыту бағдарламаларының нәтижелері бойынша қысқаша есептер түрінде ұсынылатын болады.

2-бап

      1. Бағдарламаның Бюро мен АДБ өкілдерінен тұратын үйлестіру комитеті (бұдан әрі – БҮК) жалпы әкімшілендіру мен Бағдарламаны үйлестіруге жауапты болады. Үкімет тарапынан Бюро басшысы және АДБ тарапынан Қазақстандағы АДБ Тұрақты өкілдігінің елдік директоры БҮК тең төрағасы болады. Бюрода немесе АДБ-да осы Меморандумдыорындауға байланыстыатаулар немесе функциялар өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірін жазбаша нысанда хабардар етеді. АДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі БҮК қызметіне жәрдемдесетін болады және АДБ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес оның жұмысына жәрдемдесетін болады.

      2. БҮК негізгі функциялары Бағдарламаны басқару, үйлестіру және іске асыруды мониторингтеу, оның ішінде:

      1) жылдық жұмыс жоспарларын дайындау және жаңарту;

      2) нәтижелердің мазмұны мен сапасын бағалау;

      3) зерттеу нәтижелерінің таралу дәрежесін және болжамды пайдаланылуын қарау;

      4) тиісті кездесулерді ұйымдастыру;

      5) Бағдарлама нәтижелерін таратуболып табылады.

      3. БҮК Бағдарлама шеңберінде ынтымақтастықтың әлеуетті салаларын қарастыру, жылдық жұмыс жоспарына іс-шараларды енгізу және Бағдарламаның шеңберінде ынтымақтастық қорытындыларын шығару үшін қажеттілігіне қарай жиналатын болады. Жылдық жұмыс жоспарларына енгізілетін нақты іс-шараларды Тараптар талқылап, келісетін болады және Тараптардың өзара келісімі бойынша хат жазысу арқылы ара-тұра өзгеретін болады.

      4. Жылдық жұмыс жоспары келісілгеннен кейін сарапшылардың техникалық тапсырмалары дайындалатын болады. АДБ ұсынуы мүмкін техникалық жәрдем шеңберінде консультанттарды іріктеу және тарту және сатып алу АДБ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      5. Үкімет үшін білімді шоғырландыру бойынша күш-жігердіңкелісімділігін және өзара толықтырылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатындаБҮК өз іс-қимылын осыған ұқсас зерттеулер жүргізетін даму бойынша басқа серіктестерімен тығыз үйлестіретін болады.

      6. Егер Үкімет немесе АДБ қандайда бір келісілген іс-шараны толық немесе ішінара орындаумүмкін емес деп есептесе, Тараптар түпкілікті шешім қабылданғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмейбірін бірі жазбаша хабардар етеді. Сарапшылар тартылған және шарттық міндеттемелер шеңберіндегі ағымдағы іс-шаралар үшін Тараптар осыған ұқсас шарттармен ұқсас міндеттерді орындау үшін осы сарапшылардың қызметтерін бөлу мүмкіндігін қарастырады.

      7. Тараптар келісілген көлемде және Тараптардың қолданыстағы заңдарын, саясаттары мен рәсімдерін ескере отырып, зияткерлік меншік құқықтарына қатыстыларды қоса алғанда, Бағдарлама нәтижелерін таратудың маңыздылығын мойындайды.

3-бап

      1. АДБ ұсынуы мүмкін техникалық жәрдем 1995 жылғы 5 қазандағы Үкімет пен АДБ арасындағы Техникалық көмек туралы негіздемелік келісімге және АДБ мен Үкімет алмасатын техникалық жәрдем туралы хаттарға сәйкес қаржыландырылып, жүзеге асырылады. Бюро көрсетілген Техникалық көмек туралы негіздемелік келісімге сәйкес Бағдарлама іс-шараларына қатысты техникалық жәрдем үшін тартылған халықаралық консультанттардың келуін, болуын және кетуін ұйымдастыруға жәрдем көрсететін болады.

      2. 2026-2027 жылдар кезеңінде Тараптар АДБ Бағдарлама шеңберінде ұсынуы мүмкін техникалық жәрдемдітөмендегі кестеде көрсетілгендей, жалпы сомасы екі миллион АҚШ долларын бөлумен тең үлестерде қаржыландыруды көздейді. Қажет болған жағдайда АДБ Бағдарлама шеңберінде 2025 жылдан бастап іс-шараларды қаржыландыратын болады. Осы Меморандумның қолданылуы аяқталуы кезінде төленбеген сомалар пайда болған жағдайда Тараптар Үкімет пен АДБ арасында ресми хат алмасу арқылы Бағдарламаны іске асыру үшін оларды толық пайдалану туралы шешім қабылдайды.

Кезең

Барлығы
(АҚШ долл.)

АДБ
(АҚШ долл.)

Үкімет
(АҚШ долл.)

2026: 1-кезең

1 000 000

500 000

500 000

2027: 2-кезең

1 000 000

500 000

500 000

Жалпы

2 000 000

1 000 000

1 000 000

      3. Үкімет өзінің үлесін уағдаластыққа сәйкес АДБ-ның көрсетілген шотына аударады, ол техникалық жәрдем туралы тиісті хатта көрсетіледі.

      4. АДБ Тараптар келіскен талаптарға сәйкес Бюроға қаражатты пайдалану және көрсетілген қызметтер туралы тоқсан сайынғы есептерді ұсынатын болады. Бұл есептер әр есепті кезең аяқталғаннан кейін екі ай ішінде беріледі. Тоқсандық есептер бойынша ескертулер туындаған жағдайда АДБ қажетттілігіне қарайескертулерді алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде Бюроға түпкілікті есептерді ұсынатын болады.

4-бап

      1. Тараптар осы Меморандум шеңберінде жүзеге асырылатын бірлескен қызмет нәтижелеріне, сондай-ақ Бағдарламаның келісілген нәтижелеріне қол жеткізу тиімділігіне мониторинг және бағалауды жүзеге асыратын болады.

      2. БҮК Бағдарлама шеңберінде қызметке мониторингті жүзеге асыратын болады. Туындаған мәселелерді уақтылы шешу үшін БҮК өз қызметін Бағдарламаға қатысатын тиісті мемлекеттік органдармен тығыз үйлестіретін болады. БҮК тең төрағалары арасындағы консультациялар:

      1) Меморандумның іске асырылу барысын қарау;

      2) бірлескен Бағдарламаның ағымдағы іс-шараларын қарау және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтау;

      3) Меморандумға кез келген түзетулерді немесе толықтыруларды қарау;

      4) жалпы басымдықтарды айқындау және келесі кезеңдерге арналған жылдық жұмыс жоспарларын дайындау үшін негізгі тетік болады.

      3. Бағдарлама іс-шараларын бағалауға БҮК тең төрағалары бастамашылық етеді. Бағалау Бағдарлама іс-шаралары аяқталғаннан кейін жүргізіледі. БҮК тиісті министрліктер мен ведомстволар ұсынған статистикалық немесе өзге де ақпаратты қажетіне қарай пайдалана отырып, бағалау туралы есеп дайындайды.

5-бап

      1. Осы Меморандумға сәйкес кез келген хабардар ету немесе өзге хабарлама жазбаша нысанда ресімделеді және Тараптардың бірі екінші Тарапқа төменде көрсетілген мекенжай бойынша немесе Тараптардың кез келгені кейіннен екінші Тарапқа жазбаша нысанда хабарлай алатын басқа мекенжай бойынша мән-жайларға байланысты жеке немесе пошта, факс немесе электрондық пошта арқылы жеткізеді:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

      Бюро басшысы

      Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.

      Телефоны: + 7 (7172) 74-95-47.

      Электрондық поштасы: e.stat@aspire.gov.kz.

      Азия Даму Банкі:

      Экономикалық зерттеулер және дамуға әсер ету департаменті (ERDI)

      Бас директор

      6 даңғылы, АДБ Мандалуйонг қаласы

      1550 Манила Метросы, Филиппин

      Телефоны: +6 32 632-5369

      Электрондық поштасы: adbkarm@adb.org

6-бап

      Осы Меморандум АДБ Үкіметтеноның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енеді және 2028 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын кезең аралығында қолданылады. Қолданылу мерзімі Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

      Осы құжат арқылы Тараптар тиісті түрде уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ете отырып, 2025жылғы __________ осы Меморандумға әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада қол қойды. Мәтіндер арасында түсінбеушіліктер болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының Азия Даму Банкі үшін
      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады