"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 886 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      2) және 2-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өзін-өзі реттеу саласында стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асыру;

      2-1) агломерацияларды дамыту саласында стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4), 2-5) және 2-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-3) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін-өзі реттеу туралы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агломерацияларды дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      2-5) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агломерацияларды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      2-6) "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін-өзі реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау қағидаларын келісу;";

      мынандай мазмұндағы 34-3) және 34-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      34-4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 86-1) және 86-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "86-1) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары бойынша қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қаржыландыру және (немесе) субсидиялау тетігін айқындау үшін табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      86-2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен, жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 88-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "88-1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      156-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "156-2) кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласында стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 156-4), 156-5) және 156-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "156-4) рұқсаттар және хабарламалар саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      156-5) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар және хабарламалар туралы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      156-6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсаттар және хабарламалар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      170) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "170) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту саласында стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 173-1) және 173-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "173-1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      173-2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 177-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "177-1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      200-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200-1) талаптар тізілімін қалыптастыру және жүргізу кезінде нормативтік құқықтық актінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжаттың, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісі жобасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаты жобасының немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті талаптар қамтылатын өзге де құжат жобасының Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 9, 11, 80, 81-1 және 82-баптарының талаптарына сәйкестігін растауды қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 241-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "241-2) мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 252-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "252-1) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарнама саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады