"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 884 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 125-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "125-1) Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемаларын келіседі;";

      126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және бекітеді әрі оның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;";

      265) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "265) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      290-16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "290-16) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 467-24), 467-25) және 467-26) тармақшалармен толықтырылсын:

      "467-24) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын айқындайды;

      467-25) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті белгілейді;

      467-26) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;".

      2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады