Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 828 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы ауданы 62,6 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан ауылдық елді мекендердің жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Ақмола облысының әкімі ауылдық елді мекен шекараларының (шегінің) өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігіне берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда, алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 8 қазандағы
№ 828 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан ауылдық елді мекендердің жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы, гектар

оның ішінде, гектар:

орман көмкерген

орман көмкермеген

жайылымдар

шабындықтар

басқа да жерлер

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттік мекемесі

62,6

-

62,6

-

-

-

Барлығы:

62,6

-

62,6

-

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады