"Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 816 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбие беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы № 597 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери-патриоттық тәрбие – әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының бойында қазақстандық патриотизмді, біртұтас ұлтқа тиесілілік сезімін, рухани-имандылық құндылықтарын, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға әзірлікті қалыптастыру және осыған байланысты қажетті білім мен дағдыларды дамыту бойынша жүйелі, мақсатты және үйлестірілген қызметі;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) кәсіптік тәрбие – Қазақстан Республикасының игілігі үшін еңбекке адал және жауапты көзқарасты, қызметтік міндеттерді және қойылған міндеттерді табысты орындау мүддесінде кәсіптік және еңбек қасиеттерін белсенді түрде көрсетуге ұмтылысты қалыптастыру;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беруді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Төтенше жағдайлар министрлігі), Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Мәдениет және ақпарат министрлігі) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып өз құзыреті шегінде жүргізеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мынадай компоненттер арқылы ұйымдастырылады және жүргізіледі: идеологиялық жұмыс, ақпараттық-тәрбие жұмысы, психологиялық жұмыс, әлеуметтік-құқықтық қызмет, моральдық-адамгершілік және кәсіптік тәрбие беру.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу процесі әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қорғаныс министрлігі бекітетін әскерге шақырылғанға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бірінші кезекте өскелең ұрпақпен ұйымдастырылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Әскери-патриоттық тәрбие шетелдік заңды және жеке тұлғалар, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар ұсынатын қаржыландыруды қоспағанда, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әскери-патриоттық тәрбиені жоспарлау:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ішкі істер министрлігінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, жергілікті атқарушы органдарда және меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында бір жылға жүзеге асырылады. Жоспарды жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 20 – 25 желтоқсаны кезеңінде бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар бекітеді;";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мыналарды қамтиды:";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери-патриоттық тәрбиені жүзеге асыру тәртібі";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен ақпарат алмасу және әскери-патриоттық бағыттағы бірлескен іс-шараларды өткізу шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өзара іс-қимылдың мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары моральдық рухын қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбиелеу және азаматтар арасында әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тыныс-тіршілігі туралы хабардар ету, жастарды әскери қызметке даярлау және мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзге де мәселелері мүддесінде бірлескен жоспарлар мен практикалық іс-қимылдарды келісу.";

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыруға бірлесіп қатысу;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) азаматтарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) тақырыптық талқылау, дәрістер мен семинарлар өткізу.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады