"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 71) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бес және одан да көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген |
Бес және одан да көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бес және одан да көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп- тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру қағидалары "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 71) тармақшасына сәйкес әзірленген және бес және одан да көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссия (бұдан әрі – үкіметтік комиссия) құру тәртібін айқындайды.
2. Үкіметтік комиссия құрудың мақсаты бес және одан да көп адам қаза тапқан қауіпті өндірістік объектідегі еңбек қызметіне және аварияға байланысты емес жазатайым оқиғаларды (бұдан әрі – жазатайым оқиғалар) тергеп-тексеру болып табылады.
2-тарау. Үкіметтік комиссия құру тәртібі
3. Жазатайым оқиға болған тиісті салада мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган (бұдан әрі –мемлекеттік орган) жазатайым оқиға болған сәттен бастап бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Президентін немесе Премьер-Министрін болған жазатайым оқиға туралы жазбаша түрде хабардар етіп, үкіметтік комиссия құрудың орындылығы туралы ұсыныс береді.
Хабардар ету жазатайым оқиғаның әлеуметтік және (немесе) қоғамдық-саяси ахуалға әсерін тигізуі ықтимал болған және (немесе) орталық және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру қажет болған жағдайларда, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері болмаған кезде жүзеге асырылады.
Үкіметтік комиссия құру қажет болмаған жағдайда жазатайым оқиғаның себептерін анықтау жөнінде мемлекеттік органдар өздері шара қабылдайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.11.2025 № 985 қаулысымен.4. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде мемлекеттік орган үкіметтік комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына бекітуге енгізеді.
5. Үкіметтік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және үкіметтік комиссия мүшелерінен құрылады.
Үкіметтік комиссия құрамына:
1) төраға ретінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары немесе мемлекеттік органның бірінші басшысы;
2) төрағаның орынбасары ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары не мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе мүдделі мемлекеттік органдардың бірінің бірінші басшысының орынбасары;
3) үкіметтік комиссияның мүшелері ретінде мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері немесе әкімдерінің орынбасарлары;
4) үкіметтік комиссияның мүшелері ретінде өзге де лауазымды тұлғалар кіреді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.11.2025 № 985 қаулысымен.6. Үкіметтік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері қол қояды.
