"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 103-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 743 қаулысымен бекітілген |
Азаматтық қорғау органдарының қызметі бойынша ауысқан кезде көтерме жәрдемақыға, көлікте жол жүргені және өз мүлкін тасымалдағаны үшін жұмсалған шығындарының өтелуіне құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – ТЖМ) аппараты:
аппарат басшысы;
департамент, орталық бастығы;
департамент, орталық бастығының орынбасары;
дербес басқарма бастығы;
департамент басқармасының, орталықтың кезекші бөлімінің бастығы;
дербес басқарма бастығының орынбасары;
департамент басқармасы, орталықтың кезекші бөлімі бастығының орынбасары.
2. ТЖМ Өртке қарсы қызмет және Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеттері:
Комитет төрағасы;
Комитет төрағасының орынбасары;
Комитет басқармасының бастығы;
Комитет басқармасы бастығының орынбасары;
Комитеттің дербес бөлімінің бастығы.
3. ТЖМ аумақтық органдары:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы бастығының бірінші орынбасары;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы бастығының орынбасары;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық органы басқармасының бастығы;
қалалық, аудандық (қаладағы аудандық) аумақтық органның бастығы;
қалалық, аудандық (қаладағы аудандық) аумақтық орган бастығының орынбасары;
өрт сөндіру бөлімінің, мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің, өрт сөндіру бекетінің бастығы.