Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы 905 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.";
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 707 қаулысына 1-қосымша "Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының аумағы, S = 905 гектар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 707 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысымен бекітілген |
"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с | Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы) | Өлшем бірлігі | Базалық кезең (2019)* | Нысаналы индикатор | |||
2022 жылға қарай жетіс |
2027 жылға қарай жетіс |
2032 жылға қарай жетіс |
2037 жылға қарай жетіс | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Инвестицияның жалпы көлемі, оның ішінде: | млрд теңге | 28,4* | 200 | 430 | 590 | 690 |
1) | шетелдік инвестиция көлемі | млрд теңге | 40 | 190 | 280 | 370 | |
2) | отандық инвестиция көлемі | млрд теңге | 28,4* | 160 | 240 | 310 | 320 |
2 | АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі | млрд теңге | 1 | 3 | 290 | 2400 | 3700 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
3 | Өңір экономикасының шикізаттық емес секторларына инвестицияның жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп) | % | 40 % | 100 % | 150 % | 165 % | |
4 | Қатысушылар саны | бірл. | 7 | 10 | 24 | 25 | 28 |
5 | АЭА аумағында құрылатын жұмыс орнының саны | жұмыс орны | 115 | 1104 | 1800 | 2100 | 2600 |
6 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі | % | 50 % | 65 % | 75 % | 85 % | |
7 | АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі | % | 10 % | 20 % | 25 % | 30 % | |
8 | Еңбек өнімділігін арттыру | есе | 1,5 | 2 | 2,1 | 2,2 |
Ескертпе:
* - АЭА-ға қазіргі қатысушылардың іс жүзінде салған инвестициясы.
Индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.