Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 548 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде (бұдан әрі – Ереже):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Атырау облысының аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 4313,8566 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына: ауданы 1619,4477 гектар болатын "Қарабатан" және ауданы 285 гектар болатын "Технопарк" өнеркәсіптік аймақтары, ауданы 114,9429 гектар газ сепарациялық қондырғысы, ауданы 2283,6 гектар магистральдық құбырлар (этан, пропан) және ауданы 10,8660 гектар көпфункционалды аурухана кіреді.
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 662 қаулысына қосымша "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша |
"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Жалпы ауданы – 4313,8566 гектар:
1) "Қарабатан" өнеркәсіптік аймағы жалпы ауданы 1619,4477 гектар:
мұнай химиясы кешенінің алаңы – 463,7 гектар;
біріктірілген газ химиясы кешенінің алаңы – 128,2077 гектар;
теміржол станциясы – 95,93 гектар;
вахталық кент – 4,01 гектар;
буландырғыш тоған – 375,02 гектар;
"Ароматика" алаңы – 336,25 гектар;
отын газ құбыры – 28,32 гектар;
кірме жол – 17,8 гектар;
электр беру желілері – 9,49 гектар;
темір жол – 27,69 гектар;
сутартқы – 89,67 гектар;
электр беру желілері – 43,36 гектар;
2) "Технопарк" өнеркәсіптік аймағы, ауданы 285 гектар;
3) газ сепарациялық қондырғының аумағы, ауданы 114,9429 гектар;
4) магистральдық құбырлар (этан, пропан), ауданы 2283,6 гектар;
5) көпфункционалды аурухананың аумағы, ауданы 10,8660 гектар.