"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 637 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Іс-қимыл жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

      2) жартыжылдық негізде 5 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жартыжылдық негізде 25 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 18 тамыздағы
№ 637 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 8 шілдедегі
№ 470 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары


Р/с

Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

1. Клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру
Нысаналы индикаторлар:
The global right to information rating (ақпаратқа құқықтың жаһандық рейтингі), рейтингтегі орын, 2030 жылға қарай 85 балл;
Дүниежүзілік Банктің халықтың пікірін есепке алу және мемлекеттік органдарды есептілігі индексі (Voice and Accountability), 2030 жылға қарай 87 процентиль

1.

Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қабылдау, оның ішінде:
1) цифрлық инфрақұрылымның өтпелі моделін құра отырып, мемлекеттік органдардың коммуникациялар арналарын жүйеге келтіру және оңтайландыру;
2) жүйелі ден қою шараларын тұжырымдай отырып, келіп түсетін жолданымдарға ведомствоішілік талдау жүргізу арқылы халықтың сұрау салуларын коммуникациялар арналары бойынша құрылымдау;
3) қолданыстағы коммуникациялар арналары бойынша келіп түсетін ақпарат массивін өңдеу және талдау жөніндегі кешенді талдамалық мүмкіндіктерді дамыту;
4) мамандарды даярлау және қолдау, сондай-ақ азаматтардың жолданымдарын қарау және олармен жұмыс істеу саласында тәжірибе алмасу үшін, тағылымдамалар бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке ұйымдардың қызметкерлерін ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге оқыту, өтініш берушілермен өзара іс-қимыл сапасын бағалау және жақсарту мәселелері бойынша құзыреттер орталығын қызмет көрсетудің, жедел талдаудың бірыңғай стандарттары арқылы қалыптастыру

Үкімет Аппаратына ұсыныстар
жол картасы
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2025 жылғы қазан
2026 жылғы ақпан

МАМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша)
МАМ, ЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар
ЦДИАӨМ, МАМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар
ЦДИАӨМ, МАМ, "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша)

*
Талап етілмейді
талап етілмейді
*
 
 
 
 
 

республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты
талап етілмейді
талап етілмейді
республикалық бюджет қаражаты
 
 
 
 
 

2.

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл саласында, оның ішінде үздік практикалар мен халықаралық стандарттарды енгізу арқылы тәсілдерді тұжырымдау

Үкімет Аппаратына ұсыныстар
 

2025 жылғы қараша

МАМ, СІМ

талап етілмейді

талап етілмейді

3.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатының іске асырылуын бағалау бойынша өлшемшарттар әзірлеу

Үкімет Аппаратына ұсыныстар
 

2026 жылғы қараша

МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

талап етілмейді

4.

Жолданымдар бойынша мемлекеттік құқықтық статистиканың анықтығын қамтамасыз ету процестерін автоматтандыру мәселелерін қоса алғанда, ақпараттық-талдамалық құралдарды кеңейту мақсатында "е-Өтініш" АЖ-ға жасанды интеллектті енгізу

техникалық шешім қабылдау

2026 жылғы маусым

ЦДИАӨМ, БП ҚСжАЕК (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

2. Оңтайлы және тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру
Нысаналы индикаторлар:
Дүниежүзілік Банктен мемлекеттік басқару тиімділігі индексінің мәні (-2,5-тен 2,5-ке дейінгі шәкіл бойынша) 2030 жылға қарай 1,12
Халықтың мемлекеттік органдарға сенімінің деңгейі, % (әлеуметтанушылық сауалнама), 2030 жылға қарай 75 %;

5.

Мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемені өзектілендіру

ҰЭМ бұйрығы

2025 жылғы тамыз

ҰЭМ, ЦДИАӨМ, МҚІА (келісу бойынша), Еңбекмині, Қаржымині
 

талап етілмейді

талап етілмейді

6.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында қайта бөлу арқылы мемлекеттік функциялардың аражігін ажырату

Үкімет Аппаратына ұсыныстар

2025 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, МҚІА (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

талап етілмейді

7.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық қызметінің институционалдық әлеуетін және тиімділігін арттыру

Үкімет Аппаратына ұсыныстар
 

2025 жылғы қыркүйек

СІМ, ҰЭМ

талап етілмейді

талап етілмейді

8.

Мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін реттейтін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде:
1) "бизнес-процесс" ұғымын қосу;
2) мемлекеттік функциялардың санын оңтайландыру

Үкімет Аппаратына ұсыныстар
Заң жобасы

2025 жылғы қыркүйек
2026 жылғы 1-жартыжылдық

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

талап етілмейді

9.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі іс-шараларды "қайта жүктеу"

Үкімет Аппаратына ұсыныстар
Заң жобасы

2025 жылғы қыркүйек
2026 жылғы 1-жартыжылдық

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар

талап етілмейді

талап етілмейді

10.

Мыналарды:
1) "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен интеграциялау арқылы ақша алушылардың карт-шоттарына төлемдер жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін мемлекеттік мекемелердің төлем құжаттарындағы мәліметтердің (тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) сәйкестігін тексеруді;
2) "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесін "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы төлемдерді жүргізу процесін цифрландыру үшін құрылыс бойынша орындалған жұмыстар актілері негізінде мемлекеттік мекемелердің ақы төлеу шоттарын автоматты түрде қалыптастыруды;
3) Digital-ID-мен интеграциялау арқылы мемлекеттік мекемелердің аудару операцияларының қауіпсіздігін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесінде қол қою құқығымен пайдаланушыларды биометриялық сәйкестендіруді енгізу арқылы мемлекеттік қаржыны басқару жүйесіндегі бизнес-процестерді цифрландыру

іске асырылуы туралы есеп
іске асырылуы туралы есеп
іске асырылуы туралы есеп

2025 жылғы желтоқсан
2026 жылғы қараша
2026 жылғы қараша

Қаржымині, Әділетмині
Қаржымині, ӨҚМ
Қаржымині, ЦДИАӨМ
 
 

талап етілмейді
талап етілмейді
талап етілмейді

талап етілмейді
талап етілмейді
талап етілмейді

11.

Ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік аудит процестеріне цифрлық технологияларды енгізу

Үкімет Аппаратына ақпарат
 

2027 жылғы қараша

Қаржымині, ЦДИАӨМ

талап етілмейді

талап етілмейді

12.

Экономика салаларында жасанды интеллект пен инновациялық қызметті басқару жүйесін енгізу және дамыту үшін, оның ішінде:
1) ұғымдық аппаратты бекіту;
2) озық әлемдік практикаға сәйкес және мемлекеттің, бизнес пен азаматтардың мүдделерін ескере отырып, жасанды интеллектті дамытуға арналған құқықтық реттеушілік базаның қабылдануын қамтамасыз ету;
3) жасанды интеллект саласындағы техникалық стандарттарды әзірлеу және бекіту;
4) инновациялар бойынша халықаралық стандарттарды ілгерілету және танымал ету (ISO 56000-2022) арқылы жағдайлар жасау

Заң жобасы
СИМ ТРМК төрағасының бұйрығы
Үкімет Аппаратына талдамалық есеп

2026 жылғы қаңтар
2025 жылғы желтоқсан
2025 жылғы желтоқсан

ЦДИАӨМ,
СИМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Қазстандарт" РМК (келісу бойынша)

талап етілмейді
*
талап етіледі

талап етілмейді
республикалық бюджет қаражаты
бюджеттен тыс қаражат

13.

IT және қаржылық-технологиялық компанияларды тарту:
1) жаңа буынның сервистік орталықтары мен цифрлық терминалдарды құру;
2) мобильді сервистерді интеграциялау;
3) цифрлық шешімдер мен блокчейн технологияларын әзірлеу және енгізу;
4) Smart City технологияларын енгізу арқылы жаппай цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу бойынша мемлекет пен бизнестің әріптестігін ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру

Үкімет Аппаратына ұсыныстар
Заң жобасы

2025 жылғы қараша
2026 жылғы 2-жартыжылдық

ЦДИАӨМ, ҰЭМ, "ҰАТ" АҚ (келісу бойынша), "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ (келісу бойынша),
мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді
 

талап етілмейді
 

14.

Мемлекеттік органдардың желілік-функционалдық құрылымынан матрицалық құрылымына көшу арқылы мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды дамыту бойынша тәсілдерді қалыптастыру: жобалау қызметінің сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу, жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін пайдалану, мемлекеттік органдардың жобалық жетілуін бағалауды және жобалау қызметінің жүргізілу сапасын бақылауды енгізу
 

Үкімет Аппаратына және Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
 
 

2026 жылғы ақпан
 
 
 
 
 

ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

талап етілмейді

15.

Шешімдер қабылдауда шамадан тыс келісулер мен формализмді болғызбау жөніндегі шараларды көздейтін жеке жауапкершіліктің орнына сенімділік
 

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы
 

2027 жылғы желтоқсан

МҚІА (келісу бойынша),
БП (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

3. Азаматтардың қажеттіліктері негізінде проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу
Нысаналы индикаторлар:
"электрондық үкіметтің" даму индексі (БҰҰ бойынша), 2030 жылға қарай – 0,89;
адами факторды толығымен жою және ТОП-50 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін 20 минутқа дейін қысқарту, 2030 жылға қарай
50 бірлік;
2030 жылға қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 90 %-ы тек электрондық форматта алынуы тиіс;
2030 жылға қарай халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кемінде 50 %-ы проактивті түрде көрсетілуі тиіс;

16.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде 2026 жылы 10 мемлекеттік көрсетілетін қызметті, 2027 жылы 20 мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті форматқа ауыстыру
 

ЦДИАӨМ және мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрықтары

2026 жылғы желтоқсан,
2027 жылғы желтоқсан

ЦДИАӨМ, мүдделі мемлекеттік органдар

*

республикалық бюджет қаражаты

4. Тиімді, оңтайлы және транспарентті квазимемлекеттік секторды қалыптастыру
Нысаналы индикаторлар:
мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін қысқарту, 2030 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 13,0 %

17.

Жекешелендіру процесін аяқтау және бәсекелес салалардағы мемлекеттік кәсіпорындар санының қайта өсуіне кедергі келтіретін нормативтік жағдайлар жасау арқылы экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін қысқарту
 

Үкімет Аппаратына ұсыныс
 

2025 – 2028 жылдардағы желтоқсан, жыл сайын

ҰЭМ, БҚДА (келісу бойынша)

талап етілмейді

талап етілмейді

18.

Ведомстволық бағынысты ұйымдарды оңтайландыру жөніндегі мәселені пысықтау

Үкімет Аппаратына ұсыныстар енгізе отырып, функционалдық талдау жүргізу

2026 жылғы желтоқсан

ҰЭМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

талап етілмейді

5. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі жетілдіру
Нысаналы индикаторлар:
ауылдық округтердің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 2030 жылға қарай – 36,5 %-ға дейін

19.

Ауыл әкімдерінің сайланбалығы институтының дамуын және бюджеттің IV деңгейінің енгізілуін ескере отырып, функцияларды аудандық және ауылдық деңгейлерге беру және бөлу бойынша тәсілдерді тұжырымдау
 

Үкімет Аппаратына ұсыныстар

2025 жылғы қазан

ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар

талап етілмейді

талап етілмейді


      Ескертпе:

      * - республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстардың көлемі тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады

      Аббревиатуралардың толық жазылуы::

"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КеАҚ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік кәсіпорны" коммерциялық емес ұйымы

Әділетмині

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

БҚДА


Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

БП ҚСжАЕК


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"Қазстандарт" РМК

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология
комитетінің "Қазақстан стандарттау және метрология институты" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

МҚІА

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

МАМ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ӨҚМ


Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

СИМ ТРМК

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және
метрология комитеті

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

"ҰАТ" АҚ

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

ҮЕҰ

үкіметтік емес ұйымдар

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады