Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурстық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 621 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, мынадай құрамда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) құрылсын:

Темірбеков
Дәурен Оденұлы

– Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға

Миятов
Қайрат Исатайұлы

– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

Қабдулов
Сардар Серікұлы

– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісу бойынша)

Мәкежанов
Сұлтанбек Алмасбекұлы

– Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Савельева
Татьяна Михайловна

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісу бойынша)

Энгель
Юлия Федоровна

– Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (келісу бойынша)

Кеңбеил
Даурен Маратұлы

– Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Муллабаева
Гүльором Фарманқызы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы

Аюбаев
Диас Әлібекұлы

– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары (келісу бойынша)

      2. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2025 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2025 – 2026 жылдарға жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау жөніндегі конкурсты өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын айқындасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады