"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 619 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Үкіметі конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұлттық режимнен шығарып тастауды екі жылдан аспайтын мерзімге белгілейді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады