"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 617 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы көрсеткіштерінің есеп-қисаптарын әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;";

      42) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) арнайы комиссияны қалыптастыру қағидаларын және арнайы комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 107-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "107-3) мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;";

      178) тармақша алып тасталсын;

      266) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      266) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатерлілігі жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері мен ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау, сақтау мен пайдалану қағидаларын әзірлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады