Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 606 қаулысы

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 606 қаулысымен
бекітілген

Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидалары "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 1-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына инвестициялық тарифті қалыптастыру және оны электр энергиясын көтерме тұтынушыларға ұсыну мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) инвестициялық тариф – іске асырылуы 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелерді жабу үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға Заңда көзделген тәртіппен айқындалған сағаттық тариф;

      2) электр энергиясының көтерме сауда нарығы – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарттары негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесі;

      3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қайталама энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер және гибридті топтардың әкімшілері, сондай-ақ жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы және электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;

      4) энергия өндіруші ұйым – Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;

      5) инвестициялық тарифті алушы – осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары) айқындалған тәртіппен электр энергиясын инвестициялық тариф бойынша сатып алуды жүзеге асыратын, Заңның 4-бабының 1-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген электр энергиясын инвестициялық тариф бойынша сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының тұтынушылары тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген электр энергиясын көтерме тұтынушы (өнеркәсіптік объект);

      6) инвестициялық міндеттемелер – жобаның жаңа тіркелген активтерін сатып алуға, құруға, салуға және пайдалануға беруге жұмсалатын капиталдандырылатын және капиталдандырылмайтын шығыстарды, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жобаны құрылыс сатысында да, пайдалану кезеңінде де іске асыруға байланысты шеккен сыйақылар мен қарыз қаражаты бойынша өзге де шығыстарды қаржыландыру бойынша инвестордың меншікті қаражаты және (немесе) міндеттемелері.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Инвестициялық тарифті қалыптастыру тәртібі

      3. Инвестициялық тариф тиісті тұтынушы желілеріне қосылған энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындардың, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудың жалпы көлеміндегі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тиісті тұтынушының сатып алу үлесі ескеріле отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға және жаңартылатын энергия көздерін қолдауға жұмсаған шығындарының үлесі сомасының инвестициялық тарифті алушының тұтыну көлеміне арақатынасы ретінде айқындалады.

      4. Есептік кезең (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін инвестициялық тарифтің мәні мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      мұнда

      Ти – есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) тәулігінің тиісті сағаты үшін инвестициялық тариф (жүзден бірге дейін дөңгелектенеді), теңге/кВт;

      Тшект – энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына шекті тариф мәні;

      БЖЭК(1).i – жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі ұзақмерзімді шартының бағасы, қосылған құн салығынсыз (бұдан әрі – ҚҚС), теңге/кВт (жүзден бірге дейін дөңгелектенеді);

      WЖЭК(1).i – жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақмерзімді шарты шеңберінде тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

      БЖЭК(2).i – жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйымның есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі ұзақмерзімді шартының бағасы ҚҚС-сыз, теңге/кВт (жүзден бірге дейін дөңгелектенеді);

      WЖЭК(2).i – жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын i-ші энергия өндіруші ұйым есеп айырысу-қаржы орталығымен жасалған ұзақмерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тәуліктің осы сағаты жататын есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

– тиісті есепті кезең үшін (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерге электр энергиясын бірыңғай сатып алушының нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      Тө.т/т – тиісті есепті кезең үшін (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерге жүйелік оператордың тарифі, ҚҚС-сыз, теңге/кВт;

      WЖЭК.нақты (ай) – жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген және есеп айырысу-қаржы орталығымен және (немесе) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақмерзімді шарты бар, тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясының нақты көлемі, кВт*сағ, (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

– электр энергиясының теңгерімдеуші нарықта (кірістерді шегергенде) тиісті есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік айда) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы шеккен нақты шығындар, ҚҚС-сыз, теңгемен (жүзден бірге дейін дөңгелектенеді);

     

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өз қызметін жүзеге асыруына байланысты тиісті есепті кезеңдегі (күнтізбелік ай) нақты шығындары, ҚҚС-сыз, теңгемен;

     


      ТОСС – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес белгіленген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату бағасы, 1 кВт үшін теңге;

     

– цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін, атаулы көмек алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының i-ші субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тиісті есепті кезеңде (күнтізбелік айда) сатып алған электр энергиясының көлемі;

     

– i бойынша сомалар;

      i – тиісінше 1-ден r-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      r – тәуліктің тиісті сағаты үшін электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны;

     

– электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және қаржы-есеп айырысу орталығымен және (немесе) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сатуға ұзақмерзімді шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу үшін тиісті есепті кезеңге резервтік қор қалыптастыруға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалатын жоспарлы шығындары, теңгемен ҚҚС-сыз;

      Nай – тиісті есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) сағат санын көрсететін мөлшерсіз коэффициент;

      Тжасыл – тәуліктің осы сағатына арналған "жасыл" тарифтің Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын нақты мәні, теңге/кВт (жүзден бірге дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

– жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік графигіне енгізілген жасыл энергияның i-ші тұтынушысы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

      Wкөтерме.i – электр энергиясының көтерме сауда нарығының i-ші субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тиісті есепті кезеңде (күнтізбелік айда) сатып алған электр энергиясының көлемі;

      Бимп.i – электр энергиясын сатып алу бағасы, ол электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есепті кезеңде (күнтізбелік айда) импорттық электр энергиясын сатып алуға i-ші шартында көрсетіледі, i-ші шарттың талаптарына сәйкес бағам бойынша айырбасталады, ҚҚС-сыз, теңге/кВт;

      Wимп.i – тиісті есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік айда) жүйелік оператор мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушы арасында жасалған техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған тиісті шартта көрсетілген техникалық диспетчерлеу бойынша көрсетілетін қызметтер тарифі;

      – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған i-ші шарты бойынша тиісті есепті кезеңде (күнтізбелік айда) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

      i бойынша сома;

     


      i – тиісінше 1-ден p, w, d, t және ө-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      p – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақмерзімді шартын жасасқан энергия өндіруші ұйымдардың саны;

      w – тәуліктің осы сағаты жататын есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік айда) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын және есеп айырысу-қаржы орталығымен электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақмерзімді шартын жасасқан энергия өндіруші ұйымдардың саны;

      d – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған шарттарының саны, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тәуліктің осы сағатына импорттық электр энергиясын солардың шеңберінде сатып алады;

      t – тәуліктің тиісті сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жалпы саны;

      ө – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағаты жататын есепті кезеңде (күнтізбелік айда) электр энергиясын сатып алған электр энергиясы туралы заңнамаға сәйкес "жасыл" энергияны тұтынушылар саны.

3-тарау. Инвестициялық тарифті ұсыну мерзімдерін белгілеу тәртібі

      5. Инвестициялық тарифті алу және оны ұсыну мерзімдерін белгілеу үшін электр энергиясын көтерме тұтынушылар Қазақстан Республикасының Үкіметіне негіздеуші материалдармен қоса осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтінім береді.

      Екі және одан көп кезеңде іске асырылатын жобалар үшін инвестициялық тариф әрбір кезеңге арналған жеке өтінім негізінде беріледі. Қосымша өтінімдер экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша бастапқы мәлімделген қызмет түрлері шегінде беріледі.

      Жоба бір кезеңде іске асырылатын болса, инвестициялық тариф бір рет беріледі, бір жоба бойынша қайтадан өтінім беруге жол берілмейді.

      6. Қазақстан Республикасының Үкіметіне түскен өтінімдер өтінім берушінің осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық ұсынылуы тұрғысынан қарау үшін электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      7. Өтінім мынадай талаптарға сәйкес болған кезде қарауға қабылданады:

      1) өтінім беруші Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген компания болып табылады және энергия өндіруші ұйымның желілеріне тікелей қосылған;

      2) жобаны іске асыру 2023 жылғы 1 шілдеге дейін басталған;

      3) өтінім берушінің өндірістік объектісінің пайдалану мерзімі ол пайдалануға берілген күннен бастап 10 жылдан аспайды.

      8. Өтінімге түсіндірме жазба, инвестициялық міндеттемелердің бар екенін растайтын құжаттар қоса беріледі:

      1) инвестициялық міндеттемелердің көлемін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалған Инвестициялар туралы келісімнің нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса);

      3) қаржылық модель, қаржылық-экономикалық негіздеме, техникалық-экономикалық негіздеме (бар болса);

      4) электр желілеріне қосылудың техникалық шарттары, теңгерімдік тиесілікті және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі.

      9. Өтінім беруші осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген немесе осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды өтінім берушіге қайтарады. Құжаттардың қайтарылуы өтінішті қараудан бас тарту себептері жойылғаннан кейін өтінім беруші қайта жүгінген кезде өтінішті қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

      10. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган қаржы саласында, сондай-ақ салық және бюджет саясаты, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау, индустриялық даму, инвестиция тарту, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын инвестициялық тариф алуға арналған өтінімдерді қарау жөніндегі жұмыс тобын қалыптастырады және бекітеді.

      11. Жұмыс тобының құрамына қажетіне қарай өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері (келісу бойынша), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) енгізілуі мүмкін.

      12. Жұмыс тобы өтінімдерді растайтын құжаттармен бірге қарайды және жұмыс тобының әрбір мүшесінің тұжырымы негізінде он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне инвестициялық тариф берудің орындылығы не орынсыздығы туралы дәлелді қорытынды жібереді.

      13. Шешімдер оң болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Қағидаларда және Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу қағидаларында айқындалған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын инвестициялық тариф бойынша сатып алуды жүзеге асыру үшін өтінім берушіні тізбеге енгізеді.

      14. Инвестициялық тарифті ұсыну мерзімі мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      P – инвестициялық тарифті ұсыну кезеңі, ай;

      S – инвестициялық міндеттемелердің көлемі, теңге;

      N – өндірістің орташа жылдық болжамды көлемі, тонна;

      V – өнімнің бір бірлігін өндіруге қажетті электр энергиясының көлемі, кВт*сағ;

      tбс.ай – бірыңғай сатып алушының өтінім берілген айдың алдындағы айдағы базалық бағасы, ол жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алу шығындарының үлесін және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға шығындары электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын сатудың жалпы көлемінен шегеріліп, цифрлық майнерлерді, "жасыл" энергияны тұтынушыларды, инвестициялық тариф алушыларды, гибридті топтардың әкімшілерін, атаулы қолдау алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін, шартты тұтынушыларды (олардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алудың жалпы көлемінің бөлігінде олардың электр энергиясын сатып алудың ең төменгі рұқсат етілген көлемінің сомасынан тыс) қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының жиынтық көлеміне электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары мен кірістері айырмасының қатынасы ретінде айқындалады, 1 кВт үшін теңге;

      tэөұ – энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына шекті тарифі, 1 кВт үшін теңге.

      15. Инвестициялық тарифті алушылар жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тәуелсіз аудиторлық ұйымды тарту арқылы жүргізілген қаржы-шаруашылық қызмет аудитінің қорытындысы бойынша есеп береді.

      16. Аудиторлық есеп шеңберінде инвестициялық тарифтің нысаналы пайдаланылу фактісін анықтау жүзеге асырылады, сондай-ақ тариф қолданылған кезеңде кәсіпорын қызметінің нәтижесінде алынған дивидендтер төленгенге дейін пайда туралы ақпарат ұсынылады.

      17. Электр энергиясын инвестициялық тарифті алушылар тізбесінде бекітілген негізгі қызмет түріне сәйкес өнім өндіру мақсатында және өндірістік объектінің шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктеріне ғана пайдалану инвестициялық тарифті нысаналы пайдалану болып табылады.

      18. Электр энергиясын тізбеде бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес негізгі немесе қосалқы қызмет түрлеріне жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тұтыну инвестициялық тарифті мақсатсыз пайдалану деп танылады.

      19. Аудиторлық есептің және қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың болмауы, сондай-ақ инвестициялық тарифтің нысаналы пайдаланылмауының анықталу фактісі инвестициялық тарифті ұсынудың күшін жою және инвестициялық тарифті алушыны инвестициялық тарифті алушылар тізбесінен алып тастау үшін негіз болып табылады.

      20. Жыл сайынғы есепті ұсынған кезде инвестициялық тариф есебінен алынған пайда мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      Sn – инвестициялық тариф есебінен алынған қаражаттың жылдық көлемі, теңге;

      V – жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графиктеріне сәйкес n есепті кезеңнің i-ші сағаты үшін электр энергиясын тұтыну, кВт*сағ;

      tбс – бірыңғай сатып алушының n есепті кезеңдегі бағасы, 1 кВт үшін теңге;

      tи – i-ші сағатта есепті кезең үшін қалыптасқан инвестициялық тариф, 1 кВт үшін теңге;

     


      m – n есепті кезеңдегі сағат саны;

      i – 1-ден басталатын реттік нөмір.

      Инвестициялық тарифті алушы белгіленген инвестициялық міндеттемелер көлеміне қол жеткізгеннен кейін инвестициялық тарифті алушылар тізбесінен алып тасталуға тиіс.

      21. Инвестициялық тарифтің қолданылуы нәтижесінде алынған Sn пайда сомасы инвестициялық міндеттемелер көлемінен асып кеткен жағдайда инвестициялық тарифті алушы түзілген артық кірістен алынған қаражатты электр энергиясын бірыңғай сатып алушының пайдасына қайтаруды қамтамасыз етеді.

      22. Артық кіріс мөлшерін жұмыс тобы айқындайды.

      23. Артық кірісті қайтару туралы шешімді жұмыс тобының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

      24. Түзілген артық кірістен түскен қаражатты қайтару тізбеден шығарылған инвестициялық тарифті алушыларға электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қоятын базалық бағаны электр энергиясының тиісті көлеміне ұлғайту есебінен артық кіріс анықталған сәттен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.

  Инвестициялық тарифті
қалыптастыру және ұсыну
мерзімдерін белгілеу
қағидаларына
қосымша

Электр энергиясын инвестициялық тариф бойынша сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесіне енгізуге өтінімнің нысаны

      Инвестициялық тарифті қалыптастыру және ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидаларына сәйкес

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне

      ____________________________________________________________

      (көтерме сауда нарығы субъектісінің атауы)

р/с

Мәліметтер

Деректер (өтінім беруші толтырады)

1

2

3

1.

Заңды тұлғаның атауы


2.

БСН


3.

Заңды мекенжайы


4.

ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) атауы


5.

Шығарылатын өнім


6.

Тұтынушы қосылған электр станциясының атауы


7.

Электр станциясына қосылу нүктесі


8.

Инвестициялық міндеттемелердің көлемі (теңге)


9.

Соңғы өнімнің өзіндік құнындағы электр энергиясының үлесі (%)


10.

Өндірістік объектінің жобалық қуаты (бірлік/жыл)


11.

Өндірістің орташа жылдық болжамы (бірлік/жыл)


12.

Өнімнің бір бірлігін (кВт*сағ/бірлік) өндіру үшін қажетті электр энергиясының көлемі


13.

Жылына электр энергиясын болжамды тұтыну (кВт*сағ / жыл)


Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. Түсіндірме жазба.

      2. Инвестициялық міндеттемелердің бар екенін растайтын құжаттар (атауын көрсету).

      3. Өтінімнің 1-13-тармақтарында көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттар (тізбе).

      4. Қосымша материалдар (бар болса).

      Ұйым басшысы: (Т.А.Ә. лауазымы) _______________________

      Қолы _________________________________________

      М.О.

      Берілген күні: 20__ жылғы "___" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады