"Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 595 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8, 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:

      "

8

"Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автомобиль жолын
(433-946 км "Жезқазған-Қарағанды" учаскесі) реконструкциялау

1171860579000 теңге

2025 – 2045 жылдар

996072188000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы).
Бірінші кезең шеңберіндегі мемлекеттік
кепілдік сомасы 650000000000 теңгеден
аспайды (қарыз валютасына баламалы):
2025 жыл – 325000000000 теңге (Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі), 2026 жыл – 325000000000 теңге (Азия инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі

9

Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш қаласының айналма жолын салу

237396000000 теңге

2025 – 2048 жылдар

201786600000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Азия Даму Банкі

10

Республикалық маңызы бар А-27 "Атырау-Доссор" 598-512 км автомобиль жолын реконструкциялау

138411800000 теңге

2025 – 2048 жылдар

121802400000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы), оның ішінде 2025 жылға – 44600000000 теңге, 2026 жылға – 77202400000 теңге

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі

  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады