"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 818 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 588 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны;

      2) "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінiң "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны болып қайта аталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (келісім бойынша):

      1) "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" және "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінiң "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) уранды барлау бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті орган;

      Ескерту. 2) тармақша қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 4-тармағымен.

      3) уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыретті орган болып айқындалсын.

      4. Осы қаулы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 4 тамыздағы
№ 588 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 58-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" ШЖҚ РМК";

      реттік нөмірі 66-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Ядролық физика институты" ШЖҚ РМК".

      2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомствосы бар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті.";

      13-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мұнай-газ, мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, көмірсутектерді тасымалдау, көмірсутектер бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу, газ және газбен жабдықтау, магистральдық құбыржол, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілермен және нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шикі газды қоса алғанда, көмірсутектерді молайтуды және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;";

      15-тармақта:

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) газ және газбен жабдықтау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу және мұнай тасымалдау, мұнай өнімдерін өндіру салаларында, магистральдық құбыр, көмірсутектер, электр энергетикасы, жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және өткізу бөлігінде жылу энергетикасы саласында, жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамалары салаларында нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;";

      41) және 42) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      42) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      48) тармақша алып тасталсын;

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу, мұнай және (немесе) шикі газ, көмір өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыру кезінде есептер нысандары мен оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      58) және 59) тармақшалар алып тасталсын;

      72) және 73) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72) көмірсутектерді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығын береді және тоқтатады, мерзімінен бұрын тоқтатады;

      73) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келiсiмшарт жасасады;";

      75) тармақша алып тасталсын;

      78) және 79) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттардың қолданысын қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды;

      79) көмірсутектер бойынша келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ұлттық компаниямен келісімшарттық аумақты сенімгерлік басқару шартын жасасады;";

      81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) банктік салым кепілі шартын жасасу тәртібін және оның көмірсутектер өндіру саласындағы үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;";

      89) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "89) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жер қойнауын пайдаланушылармен көмірсутектерді өндіру саласындағы кәсіпкерлікті ынталандыру туралы келісімдер жасасады;";

      92) және 93) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту, қазақстандық кадрларды оқыту, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бойынша міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады;

      93) көмірсутектер өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін, осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;";

      94) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "94) теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін пайдаланылатын теңіз объектілерін салу мен орналастыруға рұқсаттар береді;";

      163) және 164) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "163) теңізде және қорғау аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін қажетті ресурстарға қойылатын ең төменгі нормативтер мен талаптарды белгілейді;

      164) азаматтық қорғаныс және сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп теңізде және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған дайындықты және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің ұлттық жоспарын әзірлейді және бекітеді;";

      179), 180), 181), 182), 183), 184), 185), 186), 187), 188), 189), 190), 191), 192), 193), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209), 210), 211), 212), 213), 214), 215), 216), 217), 218), 219), 220), 221), 222), 223), 224), 225), 226), 227), 228), 229), 230), 231), 232), 233), 234), 235), 236) және 237) тармақшалар алып тасталсын;

      394), 395), 396), 397), 397-1), 397-2), 397-3), 398), 399), 400), 401), 401-1), 401-2), 402), 403), 404), 405), 406), 406-1), 406-2), 406-3), 406-4), 406-5), 406-6), 406-7), 406-8), 406-9), 406-10), 406-11) және 406-12) тармақшалар алып тасталсын;

      414), 415), 416), 417) және 418) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "414) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану талаптарын бұзу салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      415) көмірсутектерді барлау және өндіруді жүргізу кезінде консервациялау және жою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      416) көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша мемлекеттік орган қабылдаған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу тәртібін айқындайды;

      417) білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп көмірсутектерді өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      418) ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп көмірсутектерді өндіру кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      421) және 422) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "421) көмірсутектерге қатысты электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілер тізілімінің жұмысымен үйлестіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      422) көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын ұсыну нысандары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      424) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "424) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін, оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      427) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "427) теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      438) және 439) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "438) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттейді;

      439) көмірсутектер бойынша жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      441) тармақша алып тасталсын;

      453) тармақша алып тасталсын;

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 6 және 7-жолдар алып тасталсын;

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      7. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      8. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      9. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      12. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      13. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      14. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      15. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      16. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      17. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      18. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      19. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      20. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      21. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      22. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      3. "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Атом энергиясын пайдаланатын объектілер:

      1) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарамағындағы атом энергиясын пайдаланатын объектілер:

      ВВР-К реакторлық кешені;

      радиохимиялық кешен (24, 24а ғимараттары);

      У-150М циклотроны базасындағы үдеткіш кешені;

      УКП-2-1 үдеткіш кешені;

      ЭЛВ-4 үдеткіш кешені;

      C-30 үдеткіш кешені;

      ДЦ-60 үдеткіш кешені;

      ядролық жарылыстар жүргізілетін технологиялық алаңдар – "Лира" объектілері;

      2) "Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қарамағындағы атом энергиясын пайдаланатын объектілер:

      "Байкал-1" ЗРК;

      ИГР зерттеу реакторының кешені;

      Курчатов, 2А алаңы;

      № 2 және № 4 құрылысжайлар;

      "Бурабай" геофизикалық обсерваториясы.".

      4. "Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 907 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйым болып айқындалсын.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады