"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 шiлдедегi № 578 қаулысымен бекітілген |
Әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі
Р/с № | Атауы | Мемлекеттік әріптес | Халықаралық қаржы институты |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Алматы қаласындағы "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы үшін 5900 төсек-орынға арналған 5 студенттік жатақхана салу және пайдалану | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі | Азия Даму Банкі |
2. | "Алматы-Ыстықкөл" автомобиль жолын салу және пайдалану | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі | Азия Даму Банкі |
3. | Қарағанды қаласында 300 орынға арналған көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Азия Даму Банкі |
4. | Алматы қаласында 300 орынға арналған көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Еуропа қайта құру және даму банкі |
5. | Семей қаласында 300 орынға арналған көпсалалы университет ауруханасын салу және пайдалану | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Азия Даму Банкі |
6. | Ақтөбе қаласында 300 орынға арналған көпбейінді университет ауруханасын салу және пайдалану | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Азия Даму Банкі |
7. | Маңғыстау облысында қуаты тәулігіне 50 мың м3 теңіз суын тұщыландыру зауытын салу | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) |
_________________________