"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 576 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде отыз пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін қаражатты қоспағанда, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады