"Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 525 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 136-жолдың 5-бағанында:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар;";

      мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      реттік нөмірі 137-жолдың 5-бағанында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Электр желілерін басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" акционерлік қоғамы;";

      мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      4) "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы";

      реттік нөмірі 139-жолдың 5-бағанында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      реттік нөмірі 140-жолдың 5-бағанында:

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар;";

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      реттік нөмірі 141-жолдың 5-бағанында:

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) "Қостанайюжэлектросервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;";

      мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      16) "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы;

      17) "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" акционерлік қоғамы;

      18) "Астана – аймақтық электржелілік компаниясы" акционерлік қоғамы;

      19) "Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      20) "Алатау жарық компаниясы" акционерлік қоғамы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 298-1-жолмен толықтырылсын:

      "

298-1

Тауар биржаларының қызметі

66111

республикалық меншік/ коммуналдық меншік

"Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы

үнемі

      ";

      реттік нөмірі 369-жолдың 5-бағанында:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;";

      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" акционерлік қоғамы".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады