"ЭКСПО-2027 Белград" халықаралық көрмесіндегі секцияның Бас комиссарын тағайындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 509 қаулысы

      "1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы 30 қарашадағы аттамаларды және оған 1982 жылғы 24 маусымдағы және 1988 жылғы 31 мамырдағы Түзетулерді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1. "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Қуандықұлы Еркімбаев "ЭКСПО-2027 Белград" халықаралық көрмесіндегі секцияның Бас комиссары болып тағайындалсын.

            2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады