"Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 461 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6 және 7-жолдармен толықтырылсын:

      "

6

Қарағанды қаласындағы Аэрация станциясының кәріздік тазарту құрылысжайларын реконструкциялау

56263704200 теңге

2025 – 2039 жылдар

50289331600 теңгеге дейін (не қарыз валютасына баламалы/тең мәнді)

"Қарағанды Су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Еуропа Қайта құру және Даму Банкі

7

М-32 "РФ шекарасы (Самараға дейін) – Шымкент" республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" учаскесін, 763-791 км және 819-1025 км реконструкциялау"

522668800000 теңге

2025 – 2048 жылдар

459948500000 теңгеге дейін (не қарыз валютасына баламалы/тең мәнді), оның ішінде:
2025 жыл –
155000000000 теңге ( Еуропа Қайта құру және Даму Банкі –
77500000000 теңге, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі – 77500000000 теңге);
2026 жыл – 304948500000 теңге (Еуропа Қайта құру және Даму Банкі –
152474250000 теңге, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі –
152474250000 теңге)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі,
Еуропа Қайта құру және Даму Банкі

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады