2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 435 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетін құру туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің

2025 жылғы 13 маусымдағы
435 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі  комитетін құру туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

      2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетін құру туралы келiсiмнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабының негізінде

      Келісімге мынадай толықтырулар енгізуге келісті:

1-бап

      1. Келісімнің 4-бабының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) Білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кiшi комитет: Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Ғылым және жоғары білім министрлiгi; Қытай тарапының үйлестіруші органы: Білім министрлiгi.".

2-бап

      Келісімнің 11-бабына мынадай толықтыру енгізілсін:

      "2015 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісімге сәйкес құрылған Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитеті Комитет алдында өз қызметі туралы есеп береді.".

3-бап

      1. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      2. Осы Хаттаманың қолданысы Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатылады.

      2025 жылғы "__" ______ _______ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады