ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 385 қаулысымен бекітілген |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу мақсаттарының тізбесі
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы:
1) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтер салуды және (немесе) алуды, сатып алуды;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттарды іске асыру шеңберінде сарқынды суларды тазарту құрылысжайларының кешендерін, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі жөндеуді);
3) мектептерді реновациялауды қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.