"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салуды болдырмау мен одан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 333 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 382 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салуды болдырмау мен одан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі № 333 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мысыр Араб Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды жою және салық салуды болдырмау мен одан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады