Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 368 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 368 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 165-21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "165-21. "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      "Қостанай облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 229-13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-13. "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне:": деген бөлімде:

      реттік нөмірі 406-14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "406-14. "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      реттік нөмірі 406-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "406-28. "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      3. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 338-жолдағы 5-бағанның 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      реттік нөмірі 343-жолда:

      5-бағанның 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      5-бағанның 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      реттік нөмірі 366-жолдағы 5-бағанның 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      реттік нөмірі 385-жолдағы 5-бағанның 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      реттік нөмірі 386-жолдағы 5-бағанның 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      реттік нөмірі 388-жолдағы 5-бағанның 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;".

      4. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірлері 36 және 37-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36

"Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Семей қаласы

37

"Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Арқалық қаласы

      ".

      5. "Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      17-1-тармақта:

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;".

      6. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      7. "Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1068 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Павлодар қаласындағы "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ үшін 550 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана және "Шәкәрім университеті" КеАҚ үшін 500 төсек-орынға арналған студенттік жатақхана салу және пайдалануға беру

МЖӘ шарты

2026 жылғы IV тоқсан

ҒЖБМ

2027 жылы -10116,92

ЖИ

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады