2023 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) орындау аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Бейжің қаласындағы Қазақстан мәдениет орталығы" мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2. Келісімнің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мекемеге қатысты құзыретті орган болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже мынадай мазмұндағы Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы шет елдердегі ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:
"Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы шет елдердегі ұйымдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Бейжің қаласындағы Қазақстан мәдениет орталығы" мекемесі.".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |