Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 111-15), 111-16), 111-17), 111-18), 111-19), 111-20), 111-21) және 111-22) тармақшалармен толықтырылсын:
"111-15) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
111-16) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
111-17) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
111-18) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
111-19) өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
111-20) ғылым және жоғары білім саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу;
111-21) мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістің бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асыру;
111-22) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 40-бабында белгіленген мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз ету;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |