Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.06.2026 № 519 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.06.2026 № 519 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.06.2026 № 519 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық даму институтын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 221 қаулысының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
