"Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналарды:
1) "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша айрықша жағдайларды қоспағанда (тиісті саланың уәкілетті органы мен монополияға қарсы органның оң қорытындылары болған кезде), 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.03.2026 № 136 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
