Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.12.2025 № 1033 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1358 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларында:
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жекелеген жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тұрғынжайға уақытша (маусымдық) тұруға арналған қираған немесе әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында төтенше жағдай жарияланған кезде меншік құқығында басқа тұрғынжайы жоқ меншік иелері және олардың отбасылары үшін тұруға жарамсыз болып қалған құрылыс жатады.";
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Меншік иесінде, оның жұбайында (зайыбында) және кәмелетке толмаған балаларында уақытша (маусымдық) тұруға арналған, осы Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген бірнеше құрылысжай болған жағдайда құрылысжайлардың біреуі ғана өтелуге тиіс.";
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғынжайға ішінара зақым келген жағдайда жергілікті атқарушы орган техникалық тексеру және сметалық құжаттама негізінде оны қалпына келтіру тетіктерінің бірін мыналар арқылы айқындайды:
1) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды тарту;
2) жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдаған азаматтарға шығыстарды төлеу.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.12.2025 № 1033 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
