Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
"20-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде комиссияның бір бөлігін және қарыздарын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеуді қамтамасыз етеді;";
49-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 508-121) және 508-122) тармақшалармен толықтырылсын:
"508-121) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру және лизинг кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялауды жүзеге асырады;
508-122) ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;" ;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 348 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 348 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
